-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Жастардың болашағы бүгіннен басталу керек

Жастар саясаты – кез келген мемлекет үшін өзекті. Әсіресе, Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттер үшін жастар мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жетісу облысында жастар саясаты мәселелерімен айналысатын «Өңірлік бағдар» жобасы биыл көктемнен бері жүзеге асып жатыр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына арналған кәсіптік білім, кәсіптік бағыт беру. Жоба Республика бойынша бірінші рет жүзеге асып жатқанын айта кетейік. Өйткені, жастар қоғамның қозғаушы екенін бәріміз білеміз. Болашақ – жастардың қолында. Жастар мәселесі уақыт күттірмейтін тақырып екенін биылғы қоғамдық-саяси жағдайлар айқындап отыр.

Аталмыш жобаға Алматы облысындағы барлық ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары түгел қамтылмақ. Әр оқушының білімі мен білігі, қарым-қабілеті ескеріліп, соған байланысты оқушыны мамандыққа тәрбиелейтін бағыт-бағдар беріліді.

Бұл кәсіптік бағдар беретін өмірлік маңызы бар таңдауға оқушылармен бірге ата-аналары да тартылып отыр. Жобаны идея авторларының айтуынша, балалардың өмірлік маңызы бар шешімді қабылодауына олардың әке-шешесінің пікірі маңызды. Сондықтан ата-анаға да болашақта қандай мамандықтарға сұраныс болатыны туралы, бала үшін қандай мамандықты таңдау қажет екенін айтып түсіндіріледі.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының башысы Болат Керімбек жаңа жобаның мән-маңызы туралы айтып, мұның жастар үшін қаншалықты қажетті жоба екеніне тоқталды. Оның айтуынша, балада бос уақыт болмауы керек. Адам жас күнінде болашақ маңызы бар шешімдерді өздері қабылдаса, үлкейгенде соның жемісін жейді.

«Өмірлік бағдар» жобасының жұмыс кестесіне орай, алдағы уақытта дарынды оқушыларды қолдау мақсатында арнайы қор құрылатын болды.

Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауы өте маңызды екендігін атап айтты. Ол: «Жас балаға әрдайым ата-ананың қолдауы керек. Өйткені, ата-ананың бағыт-бағдар беруімен бала болашақ мамандығын таңдайды. Өзі оқитын білім ордасын да таңдайды. Сондықтан балаға да, ата-анаға да ақпараттық насихат қажет. Жобаның басты мақсаты осы. Яғни балаға дұрыс мамандық таңдауға көмектесіп, ақпарат беруіміз қажет» – деді.

 

Биылғы қаңтар оқиғасында жастардың дұрыс кәсіптік білім алмағанын әлеуметтанушылар айтып жүр. Соның салдарынан жұмыссыз жастар көбейіп, мамандығы бойынша жұмыс істей алмайтын түлектер қатарының артып жатқаны айқындалуда.

Болат Керімбектің айтуынша, көптеген адамдар өмірлік бағытын дұрыс таңдамағандығынан қоғамнан өз орнын таба алмай адасып жатады. Ол: «Өз кәсібін таппаған соң адамның өмірі де дұрыс қаланбайды. Әркім өз ісімен айналыспаған соң қоғамның да дамуы тежеледі. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін жаңаша ойлайтын азаматтар қажет. Жаңаша ойды қалыптастыру үшін әркім өз мамандығы бойынша жұмыс істеу керек. Сонда Қазақстан алға жылжиды. Ол үшін баламен сырласып, оның ішкі жан-дүниесін, қалауын танып, дұрыс бағыт берген жөн. Ол, біріншіден, ата-анаға, екіншіден, ұстазға жүктелер міндет. Мұғалімнің көп жағдайда сабақтан уақыты артылмай жатады. Осы жағдайды ескеріп, баланың болашағын дұрыс қалауға үлес қосатын арнайы жоба қолға алынып, жұмыс жүргізіліп жатыр» – деді.

Қалай айтсақ та, жастар мәселесі қоғам үшін де, мемлекет үшін де өзекті. Алматы облысында қолға алынып жатқан жұмыстар соның алдын алу үшін жасалып жатыр.

Кемел ЖАН

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар