-14.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Жастар саясатын жаңа бағытта жаңғырту  – бәрімізге міндет 

Нұрсұлтан Орынбасаров, Алматы облыстық мәслихатының депутаты

 

Елдің келешегі, мемлекетіліктің кепілгері – тұғыры биік, білімі терең, қажыр-қайраты кемел жастар. Жастардың  жігерін жану  – елдің ертеңін нығайту деген сөз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ҚР Президеніт жанындағы  жастар саясаты жөніндегі отырыста сөйлеген сөзінде жастардың тәіуелсіздікті нығайту жолында қосып келе жатқан үлесін үнемі қаперге алып, қолдап-қуаттап отырады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де кешегі Мағжан ақын сенген «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жас талап Нұрсұлтан Орынбасаров.

Нұрсұлтанның есім-сойы аталғанда ең алдымен джиу-джитсу спорты, Алматы облысының Іле ауданына қарасты  “Sagadat Batyr – QTT” клубының негізін қалаушы жетекшісі әрі бапкері ойға оралады. Иә, Нұрсұлтан Орынбасаров джиу-джитсу спортының Алматы облысында ғана емес, елімізде де қарқынды дамуына орасан үлес қосып келе жатқан, жастығына қарамай көпке тұтқа, ұжымға басшы бола алған талапшыл жастың бірі.  Еліміз тәуелсіздігін жариялаған елең-ала шақта өмір есігін ашқан ұрпақ бүгінде ат жалынан ұстап, іргелі істерді атқаруға жарап жүргеніне қарап  көңілің көк тірейді. Алматы облысында жастар саясатының дұрыс бағытта өрбуіне үлесін қосып, қоғамның қозғаушы тұлғасына айналып келе жатқан жас бапкер, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан  Орынбасаров жуырда облыс орталығы Қонаев қаласында джиу-джитсудан АҚШ  елінің бапкері Адам Фоксты арнайы шақыртып жастарға шеберлік сағатын өткізді.  Сұхбатымыздың алғашқы сауалын да осы шараға қатысты қойдық.

–Нұрсұлтан, жақында Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында жастардың салуатты өмір салтын ұстанып, дұрыс бағытта есейіп,  шынығып өсуыне серпін беру мақсатында  өзің шұғылданатын спорт түрі бойынша  шеберлік сабағын өткіздің. Осынау игілікті шараңды жан-жақты тарқатып айтып берсең. Жастар саясатын өрістету жолындағы осынау шаруадан бастасақ сұхбатымызды.

–Іргетасы қаланғанына жарты ғасырдан асқан бұрынғы Қапшағай қазіргі Қонаев қаласы бұдан былай Алматы облысының орталығы мәртебесін алып, даму перспективасына алабөтен серпіліс тиді. Осындай жастардың қаласына айналып келе жатқан көрікті мекенде  өскелең ұрпаққа ұлағатты іс көрсету мақсатында шеберлік сағатын ұйымдастырдық. Шеберлік сағатына Америка Құрама Штаттарының Калифорния штатынан әйгілі маман, джиу-джитсудан қара белбеу иегері,  АҚШ құрамасының білікті бапкері Адам Фокс арнайы келіп, жасөспірім спортшыларға  тәжірибесін бөлісті.  Біз осы джиу-джитсу спортын насихаттап клубымызды ашып, жаттығу залына балаларды қабылдаған жылдары жастардың спортқа деген қызығушылығы  бәсеңдеу болағын рас. Бүгінде біздің клубтың мүшелерінің қатары молайып келеді. Қонаев қаласында өткізген іс-шарамыздың негізгі мақсаты – жастарды слауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына бағыт-бағдар беріп жөн сілтеу. Адам Фоксты да бекер шақырғамыз жоқ, тек жастарымыз ғана емес, бапкерлеріміз де  білікті маманның тәжірибесінен тәлім алып, көкейлеріне көп жайтты түйді. Сонымен қатар шара барысында “Sagadat Batyr – QTT” спор  клубының мүшелері, түрлі деңгейде елшілік, халықаралық сайыстарда оза шауып,  шеберлігімен тәнті етіп жүрген  шәкірттеріміз осы Адам Фокстың қолынан өзедірінң еңбегіне қарай бұйырған белбеулерін алды.  Биылғы жылды президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы  деп жариялағанын білесіз. Біз осынау шеберлік сағатымызды  балалар жылының аясында өткізгендіктен жеткіншектер мен жасөспірімдерді көптеп жинауға күш салдық. Біздің спорттық шараны өткізудегі мақсатымыз – мемлекеттің мүддесі жолында тура жолдан тайқымайтын жастардың білімімен қатар күш-қайраты да толысып,  тәуелсіздіктің нығаюына келешекте үлесін қосатын сарабдал жастардың өсіп шығуына  ықпал етті. Осындай айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне Алматы облыстық  денешынықтыру және спор басқармасы, оның басшысы Бейжің жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев үлкен қолдау көрсетіп, облыстың жастары салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына серпін беретін шараға атсалысты.  Қапшағай су қоймасының жағалауында өткен шара барысында біздің клубтың белді спортшылары  да жастарға шеберлік деңгейлерін көрсетті.

–Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысынң ардагері   Бақытбек Смағұл және Райымбек аудандық мәслихатының депутаты  Нартай Шымырбаевпен бірге Райымбек ауданындағы шекаралық бөлімдерді арлап, жай-күйімен танысып келдің. Осы сапар турасында да айтсаң. Өйткені жастар жайлы сұхбатымыз өрбитіндіктен, шекаралық бөлімдерде отан алдындағы борышын өтеумен қатар ел тыныштығын күзеткен сарбаздарымызда жастардың белді өкілі саналады.

Аттың тұяғы тозғанша түйенің қомында жүріп, ерін жастап, етігімен су кешіп жүріп осынау ұлан-ғайыр атырапты, байтақ бай өлкемізді ата-балаларымыз біз үшін мұраға қалдырған. Тәуелсіздіктің – баянды байламы шекарасының тұтастығы мен беріктігінде. Бүгінде әлемнің өзі осынау жер үшін алакөзеніп, алағай да, бұлағай жағдай от алып келе жатқан шақта шекарамызды шегенді ету, «жау жоқ деме жар астында» деген ескертуді санаға мықтап құйғандай.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің  Райымбек шекара басқармасына жолымыз түсті.

Жолға ҚР парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл ағамыз және  Райымбек аудандық мәслихатының депутаты Нартай Шымырбаев  үшеуміз  бірге шығып, Райымбек шекара басқармасына бағынышты «Нарынқол» бөлімін және бөлімшелерді аралап, желдің өтінде, елдің шетінде кірпік қақпай тыныштығымызды күзетіп тұрған  шекарашылардың жай күйімен таныстық.

Райымбек ауданы Қытай Халық Республикасы мен Қырғызстан елімен шектеседі.   2018 жылы бұрынғы Нарынқол ауданы қайта құрылып, Кеген ауданына бөлініп шығуы  шекаралық өңірдің өркендеуіне әжептәуір септігін тигізіп келеді. бірақ бұл бәрі керемет болып көткеп көгеріп кетті деген сөз емес.

Шекара басқармасы мен бөлімшелерінде болып ала бағанынң арғы бетіндегі Қытай шекара заставаларының жайын  аңдамаққа алыстан дүрбі салдық. Сарбаздарыдң атында Ланд Крузер 300, Хаммер жиптарымен жүйіткіп жүр.  Шекаралық аймақты олар дрон ұшырып та қатаң қадағалауда ұстап отыр.

Өзіміз спортшы бапкер болғандықтан өзге елді жиі аралаймыз. АҚШ-тың шекарасын күзететін сарбаздарының физикалық дайындығын, арнайы жасақтарының отпен судан өтіп ысылғанын көрдік. Біріккен Араб Әмірлігінің  шекарасын күзетуші сарбаздарының спортты қалай серік ететінін көрдім. Демек, бізідң елдің шекарашылары да шымыр болудың  жолын ұстануы керек. Келешекте шекара шебін күзетуші әскери офицерлер  сарбаздардың  физикалық дайындығын күшейту мақсатында атқарылатын шаруа шаш-етектен. Біз осы мәселені оңтайлы шешуде өзіміздің ұсынысымызды ҰҚК-ге, Шекара қызметінің басшылығына айтып арнайы хат та жолдаймыз. Себебі шекараны шегендеуші сарбаздар спортты серік еткенде ғана сергек жүреді.  Жаңа Қазақстанның жаңа келбетін айқындау жолында шекарамыздың шегені мығым, тәртібі темірдей болуы, ел шетін күзеткен сарбаздардың сымдай тартылып құрыш білек атануы аса маңызды. Жастар саясатын дұрыс жолмен өрістету жолында бұл шаруа да аса маңызды.

–Нұрсұлтан, өзің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өмірге келген, егемен елдің азат ұланысың. Жастардың ортасында түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, жақын араласасың. Жастарыдң басқа жолға түсіп, теріс  үгіттің жетегіне ермеу үшін атқарар шаруа шаш-етектен екені белгілі.

–Дұрыс айтасыз, ең алдымен білім берілу керек дейміз. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегенді бабаларымыз тегінен тегін айтпаған. Тәрбие беру ісін ақсатпауымыз керек. Қазақ «қызға қырық үйден тиым» деп қалай оңтайлы тәрбие берген. Кешегі қаңтар оқиғасын, қанды қырғынды әлі де ұмыта қойғамыз жоқ. Сол кезде біз өзіміз тұратын ашыбұлақ ауылының тұрғындары бас болып ауылға кіретін күре жол мен ауылдан шығатын жолға бекет қойып, елдің тыныштығын күзеттік.  Жастық желік пен албырт алып-ұшпа мінезімен айқайға еріп аттандауға ұмтылғандардың да аптығын бастық. Тәуелсіздікке қатер төндіруді көксеген арампиғылдылардың айтағына ермеуге шақырып, көпшілігінің беталысын қайтардық, сабырға жықтық.  Ұрлау-тонауға жол бермедік. Жастар саясатын жүргізу тек биліктің, мемлекетті басқарушылардың қолында деп ысырып қойып қарап отыруға болмайды.  Мемлекет басшысы да бұл салаға үнемі баса назар аударып, ерекше қамқорлық танытып келеді. Өзіңіз айтқандай, жастардың арасында жиі жүреміз, өзіміздің тұстастарымыз, қатарластарымыз, алдыңғы буынмен де, өкшебасар толқынмен де қарым-қатынасымыз түзу. Жастардың ұшқырлығы, білімге ұмтылысы ерекше. Сонымен қатар спортпен шұғылдануды да серік етуді  санғаға сіңіре білуіміз керек. 29 шілде күні Қонаев қаласында өткізген іс-шарамыз да осы мақсатта жүзеге асырылды. Жастар қоғамның қозғаушы күші саналғандықтан оларға қатысты саясатты дұрыс ұстанып, оңтайлы жолмен өрістете білгенде ғана алға басамыз. Иілгіш шыбықты адастырушылар   өзінің қалауына қарай иіп ырқына бағындырып, арбауына жол бермеуіміз керек.

Сұхбаттасқан Қуаныш Көшімбай,

Алматы облысы,

Қонаев қаласы.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар