-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Жастар саясаты – өңірдің күретамыры

Жастар – ел болашағы. Сондықтан да Қазақстанда жастар мәселесімен айналысатын Жастар саясаты басқармалары құрылып, жұмыс істегелі бірнеше жыл. Облыс пен қалалардағы Жастар саясаты басқармалары жыл сайын бірнеше кездесу өткізіп, жастарды толғандырған мәселелерге тоқталып, жастар арасындағы түйткілдерді шешуге, жастар арасындағы проблемалардың жолдарын іздеп, кеңес өткізіп отырады. Кеңеспен ғана шектелмейтіні анық. Жиыннан кейін нақты жұмыстар қолға алынады.

Осы мақсатта Алматы облысына Қазақстанның түпкір түпкірінен жастар келіп, үш күн бойы өңірдің ең көрікті жерлерін аралады. Бұл жай ғана жер көру, ел аралау емес екені анық. Сапардың негізгі мақсаты – Алматы облысындағы жастар мәселесімен танысу, этностар арасындағы береке бірлікті өз көздерімен көру болатын.

Қонақтар алдымен Қонаев атындағы мемориалдық мұражайға барды. Музейге барған соң тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысып, ел басқарған есіл ер Д.Қонаевтың тіршілігінде тұтынған заттарымен танысып шықты. Одан кейін, жастар аудан ақсақалдарымен кездесіп, ашық сұхбаттасты. Аймақтағы көкейкесті мәселелерді сөз етіп, ұлтаралық қатынастарды шешудің тетіктерін, жастар мәселерін талқылады.

Одан кейін жер жерден келген қонақтар Көлсай көлдерін, Қайыңды мен Шарын шатқалына барды. Табиғаттың сұлулығына тамсанып, жер көріп қайтты. Жастардың ел аралау, жер көру шарасы «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» деп аталатын республикалық слетке ұласты.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірдің көпұлтты екенін, нақтырақ айтқанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт әрі берекелі өмір сүретінін атап өтті. Кездесудің нақты себепкерлері жастар болғандықтан, әкімнің орынбасары жастар туралы да сөз қозғады. Ол аймақта 300 мың жас барын айтты. Сонымен бірге, бүгінгі уақыт жаңа технологиялар мен ғылым білімнің уақыты екенін де атап айтты. Б.Құлаймергенұлы: «Әлем күн сайын жаңаруда. Жаңа технологиялар бәріміздің тұрмысымызды жеңілдетуде. Әсіресе, тіл үйрену мен сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру өте қажет. Ең бастысы, жастар сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы көріңіздер. Әрқашан көшбасшы болыңыздар. Бүгінгі күні жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, еңбексүйгіштік пен рухани құндылықты қалыптастыру міндеті ерекше өзекті», – деп, сөзінің салмағын «Ассамблея жастарына» арта сөйледі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан ҚҰлаймергенұлының сөзінен кейін «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев сөз сөйледі. Ол «Ассамблея жастары» РҚБ-ның даму перспективасы тақырыбында баяндама жасады. Т.Жұмырбаевтан кейін сөз алған «Қазақстанның ұйғыр жастары одағының» басшысы Рустам Қайраев ұлтаралық қарым қатынастардың өзегі тарихты жаңа форматта зерделеу екеніне тоқталды.

Бұл шара Алматы облысында өткендіктен, оның үстіне өңірдегі жастар саясаты мәселелері жиынның негізгі тақырыбы болғандықтан, қортынды сөзді облыстық «Ассамблея жастарының» басшысы Руфина Усанова алды. Ол аймақ бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметі мен жұмысы туралы баяндап, Қонаев қаласын дамыту бойынша креативті идеялар платформасын ұсынды. Сонымен бірге, «Тәлімгер» республикалық тәлімгерлік жобасын құруды да айтты.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар