5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚазҰУ ректорының ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, қаза тапты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын және қамауға алынғанын хабарлады.

Күдікті 2022 жылдың 21 қазанында ұсталды. 23 қазанда оған қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі Halyq Uni тілшісіне.

Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Алматы қаласында 6 қаңтар кешке сағат 18:35 шамасында комендант сағаты басталғанға дейін көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Елнар Жансейіт Түймебаевтың жалғыз ұлы болған. Одан бөлек Елдана есімді қызы бар.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар