-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Жаңа Қазақстан идеясының төркіні – Жаңа Алматы

Алматы қашаннан мәдениет пен руханияттың қарашаңырағы. Қандай мәдени шара, рухани жиындар өтсін, оңтүстік астанаға жарасып-ақ кетеді. Неге екенін қайдам, әсіресе Наурыз тойы Алмытыға ғана арналғандай. Басқа өңірлерге қарағанда Алматыда өткен қазақтың жаңа жылы нағыз мереке сияқты рең береді. Жылда солай, дәл сол күні қалада күн жарқырып нұрын шашады. Халық та жұмыстан шаршап-шалдығып, титықтап, жоқшылықтан жадап-жүдеп жүрсе де, дәл 21-22 наурыз күндері бір жазылып, жадырап қалады. Сондай тылсым сыр бар.

Биыл да солай болды. Жиырма күннен бері күн көзін бұлт басып, Алатауды тұман торлап жатқан. 21-наурыз күні көктем келгендей жайнап, құлпырып шықты. Ұлыстың ұлы күнін күткендей, қала тұрғындары да бір киерін киіп, көшеге жайнап шыққан.

Алматы үшін биылғы наурыздың жөні бөлек. Өйткені, бұл қала ең қасіретті қаңтар оқиғасын бастан кешті. Топырақ беті суып үлгерген жоқ. Сонда да алматылықтар ұлыстың ұлы күнін әдемі көңілмен қарсы алып жатыр. Бұл – бір.

 

Шаһарға жаңа басшы тағайындалды. Ерболат Досаев келе сала қалада өзіне қарсы ұйымдастырылған митингіге рұқсат берді. Ондай әкім бұрын-соңды Қазақстанда болмаған шығар? Бұл – екі. Ал үшіншісі, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға іссапармен келуі. Халыққа жақындығын көрсеткен Мемлекет басшысы наурыз тойына жиналған көпшіліктің ортасында болды. Алматылықтармен емен-жарқын кездесіп, селфиге түсіп, халықпен бірге концерт тамашалады. Одан кейін оңтүстік астананың бірнеше жерінде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен, Алматы тіршілігімен жақынырақ танысты.

Осының бәрін ұйымдастырған кім дейсіз бе? Әрине, шаһардың жаңа әкімі Ерболат Досаев. Алматыны басқару Досаевқа бір жағынан салмақ салып отыр. Өйткені, бұл астана немесе Шымкент емес. Бұл тарихы терең, тағдыры бөлек қала. Бір жағынан жас әкімді шыңдайтын, іскерлігін көрсететін жаңа мүмкіндік сияқты бұл. Қанды қаңтардан кейін қаланы басқару екінің бірінің қолынан келмейтін шаруа екенін билік түсінді. Түсінген соң қолынан іс келетін адамды әкелді. Досаевты білетіндер жаңа әкім шаруаның адамы дегенді айтып жүр. Оның үстіне, Ерболат Досаев үлкен қызметтерде болып пісіп-жетілген маман. Сынды көп қалған, соның бәрінен шыңдалып, сыннан нәтиже шығарған адам. Президент әкімшілігі Асқарбекұлын қаланы басқаруға әкелерде осының бәрін есепке алып, қиын кезде жол табатын адам ретінде көре білгені анық.

Жаңа Қазақстанды құрдық. Мұның түп-төркіні Жаңа Алматы идеясынан туғаны анық. Өйткені, Алматы жаңармай, Қазақстан жаңармайды. Ал Алматы жаңару үшін іскер, идеясы жаңа басшы қажет. Бұл талаптың үддесінен шығу Ерболат Досаевқа берілген таудай бақ, көлдей сынақ! Досаев жаңа Алматыны түлету үшін ең бірінші күні Алатау ауданынан бастады жұмысын. Осының өзі шаһарды түсінетін адамның ісі екені рас. Енді қала әкімі Алматыға инвестиция тартып, Алатау, Наурызбай аудандарынан жаңа өндіріс орындарын ашып, шаһарды адам танымастай өзгертсе, Асқарбекұлы өзіне артылған үміттің үддесінен шықты деген сөз.

Ақтанберді АЙТ

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар