16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Жаңа Конституция жобасынан Назарбаевтың статусы туралы бап алынып тасталды – Ерлан Қарин

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram арнасында еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдеме жасады.

«Бүгін Конституциялық кеңес еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына оң қорытынды берді. Бұл – ұлтымыз бен мемлекетіміздің болашағына әсер ететін аса маңызды конституциялық реформалардың орындалуының маңызды қадамы», – деді ол.

Мемлекеттік хатшы алдағы конституциялық реформалардың билік құрылымдары арасындағы балансты сақтауға, ел басқаруға халықтың тікелей қатысуына, азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына бағытталатынын айтты.

«Сондай-ақ, жұмыс тобының бірнеше мүшесінің ұсынысын ескере отырып, Конституциялық кеңеске бірінші президенттің статусы туралы норманың күшін жою туралы сұраныс жіберілді. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, бірінші президенттің еңбегі көпшілікке белгілі және Конституциямен бекітуді қажет етпейді», – деп жазды Қарин.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар