Posted inЖаңалықтар

«Жаңа адамдар» қозғалысы «Жаңа Қазақстанға» не ұсынады? 

«Жаңа адамдар» құрамындағы жастардың саяси белсенділігі жоғары. Бұл туралы қозғалыс жетекшісі Әсел Бәденова «Арман Абдолла» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды alash.kz ақпарат порталы. 

Әсел Бәденованың айтуынша, «Жаңа адамдар» қозғалысы жаңаша ойлайтын, саяси белсенділігі жоғары жастардың біріккен алаңы.

«Жаңа адамдардың» өзге жастар қозғалысынан ерекшелігі – бұған дейін қалыптасқан жастар ұйымдары белгілі бір мемлекеттік ұйымдармен жұмыс істеді, солардың рұқсатымен жүрді. Ал, қазір Жаңа Қазақстанда жастар дамуы керек, олардың әр түрлі жағдайға өз көзқарастары болуы керек. Көпшілігі ойлайтындай, жастар саясаттан алыс емес. Дәл осындай жастарды «Жаңа адамдар» ұсынады», дейді ол.

Сонымен қатар ол жастар ұйымдары нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек деген пікірде.  

«Мен олар туралы айтқым келмейді. Егер мен істің соңында нақты нәтижені көрмесем, онда жоқ деп айтуға болады», дейді ол.