2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Жағымпаздар жарысы: Түркіменстанда жаңа президентті мадақтау үшін ақындарға байқау жарияланды

Түркіменстан билігі жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтен жаңа культ жасауға барынша тырысып жатыр. Мәселен, Балқан уәлаятында мемлекет басшысына арналған ода өлеңдерге байқау жарияланды.

Жеңімпаздарға үлкен сыйлық беріледі деп уәде етіп отыр дейді Азатлык радиосының батыс өңірдегі тілшісі.

Бұл жайында тілшіге хабарлаған бюджеттік мекеме қызметкері байқауды жергілікті білім және мәдениет басқармасы ұйымдастырып отырғанын айтқан.

«Жергілікті билік уәлаят ақындарына үміт артып отыр. Олар ұнаған өлеңге ән жазып, республика деңгейінде хит жасауға уәде етіп отыр. Осылай президент алдында өңірдің беделін көтергісі келеді»,- дейді аты-жөнін жасырған білім саласының қызметкері.

Таяуда ғана бұл өңірге ресми сапармен барған президент жаңа аурухананың тұсауын кескен. Дереккөздің айтуынша, сол кезде жаңа басшыға өзін қошеметпен күтіп алу деңгейі ұнамаған. Енді жергілікті билік соның орнын жабу үшін, президентті мадақтауға арналған жыр байқауын өткізіп жатыр.

Биыл Түркіменстанда наурыз айында кезектен тыс «президент сайлауы өтіп», Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің орнын 40 жастағы ұлына қалдырып кеткен.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар