21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Заң мақұлданды, енді ақшасы талан-таражыға түсіп кетпей ме?

Мәжіліс сәрсенбі күні «Семей ядролық қауіпсіз аймағы туралы» заң жобасы мен қажетті түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Семей полигонында ядролық қауіпсіз аймақ құруды қарастыратын құжатты депутаттарға энергетика министрі Болат Ақшолақов таныстырды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, заң жобасының негізгі мақсаты – полигон аумағында «радиацияға ұшыраған және таза жерлерді бөлу, ластанған аумақта радиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақты қалпына келтіру, полигон жерін пайдалану мәселесінде мемлекет бақылауын күшейту».

Арнайы аймақ мемлекеттік экологиялық сараптама ластанған деп таныған аумақтан құрылады.

Заң жобасы радиоактивті заттардың тарауын шектеп, Семей ядролық қауіпсіз аймағын «радиоактивті қалдықтарды полигон аумағында жинау, орналастыру және утилизациялау» арқылы қалпына келтіруді қарастырады. Бұған қоса, аумақтың радиоактивті ластану деңгейін бақылап, ядролық сынақтың әсерін жоюды көздейді.

Семей ядролық қауіпсіз аймағын құруға үкімет 2027 жылға дейінгі республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге қаржы бөлуді қарастырып отыр. Заң жобасы аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға да бағытталған дейді құжат авторлары.

Семей полигоны 1991 жылы жабылған. Оған дейін 40 жыл бойы совет билігі кемінде 468 сынақ жүргізіп, ядролық қару сынаған. Полигонға жақын елді мекен тұрғындары әлі күнге дейін радиацияның зардабын тартып отыр. Сәуле балаларына да әсер еткен.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар