21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Дариға Назарбаева мәжілістен кетеді

Экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева мәжілістен кетеді. Бұл жөнінде 25 ақпанда Zakon.kz сайты хабарлады.

«Бүгін мәжіліс депутаты өкілетінен бас тарту туралы шешім қабылдадым және күш-жігерімді қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке жұмсаймын» деп жазылған мәлімдемеде.

Онда ол «Nur Otan’ға дауыс берген» қазақстандықтарға, партия мүшелеріне және ел билігіне «өзіне артқан сенімі үшін» алғыс білдірген. Ол мәлімдемеде өзінің кету себебін түсіндірмеген. Қаңтар оқиғасын «жан-жақты мұқият» зерттеу қажеттігін атап өтіп, «кінәлілер әділ жазалануы тиіс, кінәсіздер босатылуы керек» деп жазған. Қанды қырғыннан «сабақ алу» қажеттігін алға тартқан.

Мәжілістің баспасөз қызметі Назарбаеваның кететінін растағанмен депутаттың көмекшісіне хабарласуға кеңес берді.

Экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасынан бері жұрт алдына шықпады. 12 қаңтарда көмекшісі оның коронавирусқа шалдыққанын, Алматыдағы үйінде екенін айтқан. Назарбаевамен байланысы бар делінген Zakon.kz сайты 17 қаңтарда көмекшісіне сүйене отырып, экс-президенттің қызы ақысыз демалыста екенін жазды. Ақпаратқа қарағанда, оның демалыс мерзімі ақпан соңында бітеді.

Осыған дейін Назарбаева «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес құрамына енбеген еді.

Қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президент пен қазіргі президенттің жақтастары арасында элита аралық тартыс өршігені туралы болжам кең тараған. Ізінше экс-президенттің туыстары мен айналасындағы шенеуніктер бірінен соң бірі қызметтерінен кете бастады. 18 қаңтарда қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет видеомәлімдеме жасаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «элита аралық тартысты» жоққа шығарып, бас билік Тоқаевтың қолында екенін, өзінің қарапайым «зейнеткер» екенін айтқан.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар