-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

ЯндексGo, Uber-ге бәсекелес қазақстандық компания бар ма?

 

Отандық қызмет көрсету саласы бәсекеге қабілетті болуға қауқарлы. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр мысал ретінде отандық жолаушылар тасымалымен айналысатын «Aparu» компаниясына тоқталды.

 

Aparu – еліміздің Өскемен қаласында 10 жыл бойы такси қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан компания. Ерке Ертістің жағасындағы өскемендіктер арасында сұранысқа және танымалдылыққа ие сервис. Сапа жағынан да қала тұрғындарының көңілінен шыға білген. Соңғы жылдары Аparu такси қызметі күніне 50 мыңға жуық тапсырысты қабылдаған. Кеше аталған компанияның жетекшісі Ерлан Шаяхметовпен кездестім. Кездесу барысында оның мақсат-міндеттерін, сервисті одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық. Олардың басқа қалалардың нарығына да шығу жолдарын қарастыратын боламыз, – деп жазды Бағдат Мусин.

 

Сондай-ақ ведомство басшысы Aparu ЯндексGo, Uber сияқты алыптарға бәсекелестік орнатып, қанатын кеңге жаятынына сенімді.

 

Бәсеке бар жерде даму бар. Біз өз тарапымыздан қазақстандық компанияларды қолдауға және оларды одан әрі дамытуға ынталандыруға тырысамыз, – деп түйіндеді сөзін министр.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар