2 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Ұрпақ жадындағы ұлттық мұра

«Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» 5 жылдық мерейтойлық іс-шараларының беташары «Ұрпақ жадындағы ұлттық мұра» тақырыбындағы зияткерлік байқаумен ашылды. Абай атындағы РММИ-дің қолдауымен «Ділмар» үйірмесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды әдеби-көркем, тарихи шығармаларды көбірек оқуға, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық дүниетанымы мен құндылықтарын, жауһар жәдігерлерін терең тануға бағыттау, ынталандыру.
Онда қатысушылар белгілі жазушы, этнограф, баспагер, 15 томдық көлемді еңбектің авторы Зейнолла Сәніктің «Қазақ этнографиясы» еңбегі бойынша «Қазақтың киіз үй мәдениеті» тарауынан, «Сөз – ғұмыр» кітабындағы нақыл сөздерден және қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан қойылған сауалдарға жауап беруден жарысты. Ең көп дұрыс жауап берушілер деңгейіне қарай жүлделерге ие болды.
Бас жүлдеге ие болған 9-сынып оқушысы Балауса Медетқызы 50 000 теңгені еншілесе, 11-сыныптағы Жалғас Серікболұлы 40 000 теңгені қанжығалады. Ал 30 000 теңгелік 2 орынға 8-сынып оқушылары Қырмызы мен Балнұр қол жеткізді. Қалған 3 қатысушы 3-орынға ие болып, 20 000 теңгемен марапатталды.
Байқауға «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» атқарушы директоры, ақын, ұстаз, баспагер Серік Қалиев, Абай атындағы республикалық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айшат Ботабекова мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1-курс докторанты Айнагүл Ахметова қазылық жасады. Барлық қатысушылар қор атынан берілген қаржы мен алғыс хатқа ие болып, рухани көкжиегі байып, марқайып қайтты. Зияткерлік байқау Абай атындағы РММИ-дің қолдауымен «Ділмар» үйірмесінің ұйытқы болуымен сәтті өтті. Қазылар алқасы мен қатысушыларға алғыс айтамыз!

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар