-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

ҰҚК тыйым салса да, Ерлан Нығматулин шетелге ұшып кетті

 

Мәжіліс экс-депутаты, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің егіз-бауыры Ерлан Нығматулин Қазақстаннан ұшып кетті.

Бұл туралы «ABZHAN NEWS» telegram-арнасы хабарлайды.

«17 мамырда Ерлан Нығматулин Қазақстаннан шығып кетті, деп хабарлады дереккөз. Оның айтуынша, ол Германияға ұшып кеткен. Оның кетуіне ҰҚК тыйымына қарамастан біреулер алып тастаған деген ақпарат бар» делінген хабарламада.

Еске салсақ, мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін наурыздың ортасында Қазақстаннан ұшып кетті.

Дереккөзінің хабарлауынша, Нығматулин Нұр-Сұлтаннан Атырауға жеке ұшақпен барды. Содан кейін бірден Comlux компаниясының ұшағына мініп, баратын жері ретінде Баку қаласын таңдаған.

Нығматулиннің елден осындай оғаш жолмен кетіп қалуы экс-спикердің ізін жасырмақ болғанын көрсетуі мүмкін.

Ғаламтордан және дереккөзден белгілі болғандай, Нығматулиндер отбасының жеке ұшағы бар және ол онымен Дубайға, тіпті Лондонға да оңай ұша алатын.

Алайда, оның айтуынша, Нығматулин осындай күрделі бағытты өзі тандаған. Алдымен Атырауды, кейін Бакуді таңдаған. Кейін Әзірбайжан астанасынан кез келген елге, бәлкім, басқа төлқұжатпен ұшуға мүмкіндік болатындай істеген.

Бұған дейін Telegram арналарында Нығматулиннің қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын, бірақ ол расталмады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар