1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

ҰҚК төрағасының орынбасары болып мемлекеттік кіріс комитетінің бұрынғы басшысы тағайындалды


Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары болып Әли Алтынбаев тағайындалды. Ол бұған дейін мемлекеттік кіріс комитетін басқарып келген.

2021 жылы кіріс комитеті төрағасы болып тағайындалғанға дейін Алтынбаев Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысы болған. 2000 жылдардан бері салық инспекциясында түрлі қызметте істеген.

Алтынбаевтың кімнің орнына келгені әзірге хабарланған жоқ. Қазір ҰҚК сайтында бірінші орынбасарды санамағанда алты орынбасардың аты-жөні көрсетілген. Бұған дейін билік ҰҚК-ін жаңартып, комитеттің жекелеген бөлімдерін қайта құратынын мәлімдеген.

Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин қамалды. Олар «билікті күшпен басып алу және лауазым өкілетін асыра пайдалану» бабымен күдікке ілінген.

23 ақпанда комитет төрағасының тағы бір орынбасары Марат Өсіповтің сот санкциясымен қамауға алынып, оған «лауазымын асыра пайдаланды» деген айып тағылды.

ҰҚК төрағысы болған Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасы кезінде орнынан алынып, тұтқындалған. Оның бірінші орынбасары қызметін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш атқарып келген еді. Ол да қаңтардағы қырғыннан соң қызметтен кетті. Оның Қаңтар оқиғасына қатысы бар -жоғы айтылмады.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікке ілініп, 8 қаңтарда қамауға алынған. Арнайы қызмет мемлекетке сатқындық жасау, билікті күшпен басып алуға талпыну, аса ірі көлемде пара алу айыптары бойынша қощғалған 15 істі тергеп жатыр.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар