-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды


«Мемлекетке сатқындық жасады», «билікті басып алуға тырысты» және «жемқорлықпен айналысты» деп күдікке ілінген Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде 19 шілдеде ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарламасында ҰҚК төрағасының бұрынғы екі орынбасары: Әнуар Садықұлов (қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды) пен Дәулет Ерғожиннің (13 тамызға дейін) де қамау мерзімі ұзартылғаны жазылған.

ҰҚК бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деген белгімен тергеліп жатыр.

Көп жыл бойы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес төрағалығын өз мойына алғанын және Қазақстанға «халықаралық террористік топ» шабуыл жасағанын мәлімдеген.

8 қаңтарда ҰҚК «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда «билікті күшпен басып алу» бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған.

Наурыз айында ҰҚК «мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша 15 қылмыстық іс қозғалғанын жариялаған еді. Оның ішінде Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары (22 ақпанда тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамалған) аталған.

Бас прокуратура мұнан өзге ҰҚК-нің үш департаментінің басшысы пен полицияның екі департаменті басшысының ұсталғанын мәлімдеген. Оларға «қаңтардағы дүрбелең кезінде ведомство ғимараттарын тастап кетті» деген айып тағылған.

Мамыр айының соңында, Қаңтар оқиғасынан 5 айдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойған.

Маусым айында ҰҚК төрағасының қазіргі орынбасары Асқар Әмірханов бұрын Мәсімовтың орынбасары болған Назарбаевтың жиен інісі Самат Әбіш тергеу назарында деп мәлімдеген. Ол Самат Әбіштің жауап беріп жатқанын, бірақ қазіргі статусын білмейтінін жеткізген.

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәсімовтің туысы, Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің ұсталғанын хабарлаған. Агенттіктің хабарлауынша, ол Ресеймен шекарада ұсталған. ҰҚК қаңтарда отставкаға кеткеннен кейін іздеуде болған Нұрлан Мәсімов шекарадан рұқсат қағазсыз өтуге тырысқанын айтты.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар