18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

ҰҚК-ның белді шенеунігі Қорғас ісі бойынша тексерілуде

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары – ҰҚК Шекара қызметінің (ШҚ) директоры қызметінен босатылған Дархан Ділманов «Қорғас» ісіне қатысты болуы мүмкін.

«Ділманов белгілі бір себептермен қызметінен босатылды. Дереккөздің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, генералдың жұмыс орны мен үйінде тінтулер жүргізілген. Әзірге бұлтартпау шарасы белгісіз, дегенмен, қылмыстық іс аясында генерал Ділмановтың әртүрлі экономикалық сипаттағы қылмыстарға және басқа да мемлекеттік қылмыстарға, соның ішінде «Қорғас ісіне» қатысы бар-жоғы тексерілуде» делінген ҚазТАГ хабарламасында.

2015 жылдан бері ҰҚК бастығының орынбасары және ҰҚК ШҚ директоры қызметін атқарған Ділмановты күні кеше, 5 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатқан болатын.

Еске салсақ, қаңтарда президент Тоқаев кешенді тексеру жүргізуді және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар