-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

ҰҚК көрсеткен Мәсімовтің үйі бұрын Назарбаевтың резиденциясы болған

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетітің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі бұрын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік резиденциясы болған.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

«Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы алғашқы мемлекеттік резиденцияларының бірі. Есіл жағалауында орналасқан. Біраз уақыттан кейін бұл резиденция премьер-министрлерге беріліп, жақын жерде Назарбаевқа тағы бір жаңа резиденция салынды. Бұл резиденцияда Мәсімовке дейін оның алдындағылар тұрған. Үй қорғалатын адамға, кейін президент Назарбаевқа арналған» деді дереккөз.

ҰҚК экс-басшысының үйінің төңірегіндегі жағдайды зерттеу кезінде аумақты бірден бірнеше полиция көлігі патрульдеу жүргізетінін анықтады. Тәртіп сақшылары редакцияға нысанды суретке түсіру мүмкін еместігін айтып, суреттерді өшіруді талап етті.

Сондай-ақ, полицейлердің айтуынша, «аумаққа көлікпен кіруге болмайды» және оларға көліктен шығуға рұқсат етілмеді. Осы кезде Мәсімовтің үйінің қасында азаматтық нөмірлері бар көлік тоқтап, редакция бұл қауіпсіз нысан екенін көрсететін ешқандай белгілерді таппаған. Дегенмен, нысан аумағына тікелей кіре берісте «Полиция» деген жазуы бар стенд орнатылған.

Бұған дейін ҰҚК Мәсімовке қатысты бұрын тағылған айыптарға жаңа айыптар қосылғанын хабарлаған болатын. Ол комитетті басқарған кезде жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шет мемлекеттің өкілдерінен 2 миллион доллар көлемінде пара алды. Сондай-ақ кәсіпкерлік құрылымдардың бірінен Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғарыда аталған элиталық қонақ үй мен жер телімін заңсыз алған. Үйден ірі көлемдегі қолма-қол шетел валютасы, сәнді заттар мен басқа да құндылықтар табылды.

Еске салайық, Қазақстанда тәртіпсіздікке ұласқан жаппай наразылықтардан кейін жоғары шенді барлау қызметкерлерін ұстау басталды. Алдымен Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен алынып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.

Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовке де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерге күдікке ілінгені белгілі болды. Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі болды. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны белгілі болды. 7 ақпанда сот санкциясымен Ерғожиннің де қамауға алынғанын хабарлады. 8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар