16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайдан шешіледі?

Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары  жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды.  

Егемендік кезеңінде Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өткізілді. Бұл жиында сырттағы қандастарымыз  Атамекенге шақырылды. Ұлы көш Тәуелсіз Қазақстанға бет алды.

Қазақ құрылтайларының бәрі ел дамуына зор өзгеріс әкелген. «Кеңесшіл ел кемдік көрмейді» деген нақыл сөз содан қалса керек. Біз бабалар жолын ұстанып, Құрылтай шақыру дәстүрін жаңғырттық. Елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейік деп, бүгін бас қосып отырмыз. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысын Ұлытауда өткізуге ұйғарым жасалды.

Ұлық ұлыстың бастауында тұрған Жошы хан кесенесінің іргесіне ақ шатыр орнаттық. Мұның зор символдық мәні бар. Елдің бірлігі, ұлттың тұтастығы дегеніміз – осы.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар