-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25%-ға дейін көтерді

Республика Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25% болады.

«Шешім инфляциялық күтулерді төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігін ескере отырып қабылданды», – деп түсіндірді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Мұнда әлемнің көптеген экономикаларында, оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып саналатын елдерде инфляция жоғары деңгейде болуын жалғастыруда, ал ішкі конъюнктура соңғы айларда дезинфляциялық процестердің болуына қарамастан, сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да айтарлықтай проинфляциялық тәуекелдердің болуымен сипатталады.

Ұлттық Банкте 2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жылдық инфляция 8,4%-ға дейін төмендегенін еске салды. Азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 9,9%-ға дейін айтарлықтай төмендеді. Реттеуші мұны инфляцияға қарсы ден қою шараларын іске асырумен және жекелеген азық-түлік тауарларына жоғары айлық мәндердің жылдық инфляциясын есептеуден шығумен байланыстырады.

Сонымен қатар, азық-түлік емес инфляция 2021 жылғы желтоқсан қорытындысы бойынша 8,5%-ға дейін жеделдеді, жылдық азық-түлік емес инфляцияның мұндай жоғары мәні 2018 жылғы мамырдан бастап алғаш рет байқалады. Жанар-жағар майға (23,2%), автомобильдерге (14,7%) және қатты отынға (9,5%), оның ішінде көмірге (9,8%) бағаның өсуі негізгі үлес қосады.

Бензин бағасының жылдық өсуі 19,6%-ға, дизель отыны 46,5%-ға жеделдеді. Ақылы қызметтердің жылдық инфляциясы 2021 жылғы желтоқсанда реттелетін коммуналдық қызметтерге, шаштараздар, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтеріне бағалардың неғұрлым қалыпты өсуі аясында 6,5%-ға дейін баяулады (2021 жылғы қазан – 6,9%, 2020 жылғы желтоқсан – 4,2%).

Орталық жылу мен ыстық су тарифтерінің төмендеуі нәтижесінде реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі 4,1%-ға дейін біршама баяулады. Бұл ретте өсу қарқыны 2020 жылғы желтоқсан деңгейінен әлі де асып түседі. Тұрғын үйді жалдау құнының белсенді өсуі жалғасуда (2021 жылғы желтоқсанда 19,8%). Сондай-ақ, сұраныстың артуына байланысты 2021 жылғы желтоқсанда Көлік қызметтерінің жекелеген түрлеріне бағаның күрт өсуі байқалды.

«Базалық инфляцияның траекториясы инфляциялық процестердің баяулауының тұрақсыздығын көрсетеді. 2021 жылғы тамыз-қарашадағы баяулаудан кейін базалық инфляцияның әртүрлі бағалаулары нысаналы дәлізден жоғары қалыптасып, 2021 жылғы желтоқсанда жеделдетуді тағы да көрсетеді. Бұл реттелмейтін тауарлар мен қызметтер бағасының жоғары өсуіне байланысты», – делінген хабарламада.

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 9 наурызда сағат 15:00-де жарияланады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар