10 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы аяқталды

Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдулиннің айтуынша, құрылыс жұмыстары мерзімінен оза жүріп жатыр. Қазір жол бойын абаттандыру және жолақы төлемін қабылдау жүйелері орнатылуда.

Үлкен Алматы айналма автожолы 66 шақырым. Ол Қырғауылды ауылынан басталып, Қызылқайрат ауылына дейін созылады. Алматы облысы бойынша Қарасай, Іле, Талғар аудандарындағы 14 елді мекенді қамтиды.

«Автожолдың басым бөлігі 6 жолақтан тұрғанымен, кей тұсы 4 жолақты болады. Трассада рұқсат етілетін жылдамдық – сағатына 110-140 шақырым. Жол қызметін пайдалану – ақылы. Жеңіл көліктер үшін – 200 теңге, жүк көліктері үшін – 390 теңге. Алайда, әзірге тарифтері бекітілмеген», –  делінген хабарламада.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар