10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Украинаның соғыста өлген жауынгерлерінің саны жарияланды

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович соғыс басталғалы шамамен 10 мың украин жауынгері қаза болғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Украинаның ТСН порталы хабарлады.

Құқық қорғаушы Марк Фейгинге берген сұқбатында Арестович соғыс басталғалы тәулігіне орта есеппен Украинаның 100 жауынгері өлгенін айтқан. Оның сөзінше, Ресей әскерінде тәулігіне шамамен мың адам өлген. Арестовичтің есебіне қарағанда, Ресей әскері қазір күн сайын орта есеппен 200-300 жауынгерінен айырылып жатыр.

Бұған дейін Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк қазір Украина күн сайын 100-200 жауынгерінен айырылып жатқанын айтқан болатын. Бұл мәліметтерді соғыс жағдайында тексеру мүмкін емес.

Арестович пен Подоляктің сөзінше, шығынның көптігіРесей әскері артиллериясының айтарлықтай басымдығына байланысты.

Таяуда бірқатар БАҚ-тар Ресей әскерінің шығынын Батыс мәліметтеріне сүйене отырып хабарлаған. Би-би-си мәліметіне қарағанда, Батыстың барлау қызметі Ресей соғыс басталған 24 ақпаннан бері 20 мыңға жуық жауынгерінен айырылды деп есептейді. Қазір Луганск облысының батысында жүріп жатқан шайқаста Ресей әскері үлкен шығынға ұшырап жатқаны айтылады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар