18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды


Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук 89 жасында қайтыс болды. Саясаткердің отбасына сүйенген «Украинские новости» агенттігі 10 мамырда осылай деп хабарлады.

Кейбір украиналық саясаткерлер сейсенбі күні ақпаратты растады. Депутат Ирина Геращенко Телеграм-арнасында Кравчуктің көз жұмғанын жазды. Кравчук ұзақ уақыт ауырып, сырқаттан қайтыс болды деп айтылады.

Бұрынғы саясаткер былтыр ауыр жүрек операциясын басынан өткерген. Ол одан кейін ұзақ уақыт комада болған. Кейін Мюнхен клиникасында реабилитациядан өтті. 2017 жылы мамырда қан айналым жүйесін жақсарту мақсатында арнайы ем қабылдаған.

Леонид Кравчук 1991-1994 жылдар аралығында Украинаны басқарған. Ол Ресей президенті Борис Ельцин, Беларусь басшысы Станислав Шушкевичпен бірге Совет одағын таратып, оның орнына Тәуелсіз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру туралы «Беловеж келісіміне» қол қойған. Беларусьтің бұрынғы басшысы Станислав Шушкевич те бірнеше күн бұрын қайтыс болған.

2020 жылы шілде айында Леонид Кравчук Украина шығысындағы қақтығысты реттеу жөніндегі делегацияға жетекшілік еткен.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар