14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Украина соты Коммунистік партияның қызметіне тыйым салды


Львов әкімшілік апелляция соты 5 шілдеде әділет министрлігінің өтінішін орындап, Украина коммунистік партияның қызметіне тыйым салды.

Украина компартиясы Ресей басқыншылығы басталғалы бері елде қызметіне тыйым салынған 15-партия. Сейсенбі күні онымен бірге бұрынғы кіріс министрі Александр Клименко негізін қалаған «Счастливая Украина» партиясының да қызметі тоқтатылды.

Украина тәуелсіздік алған алғашқы жылдары компартия елдегі ең ірі саяси күштердің бірі болған. Оның төрағасы Петр Симоненко 1999 жылғы президент сайлауында екінші орын алды. Ол кезде сайлауда Леонид Кучма жеңіске жеткен болатын. Компартия фракциясы Жоғарғы радада 2014 жылға дейін жұмыс істеді. Майданнан кейін партия сайлауда жеңіліп қалды. Оның бірқатар мүшелері Донецк және Луганск облыстарындағы сепаратистерді қолдады.

2015 жылы сот партияның қызметіне тыйым салған, алайда сот шешімі толық күшіне енбеді.

24 ақпаннан кейін Украинада ресейшіл деп саналатын барлық-дерлік партияның қызметіне тыйым салынған, арасында парламентте фракциясы бар «Оппозиционная платформа — За жизнь», «Оппозиционный блок», «Наши» партиялары бар.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар