Владимир Зеленский мен оның жанындағы басшыларды өлтіруге 400-ден астам арнайы жалдамалы әскер жіберілген.
The Times басылымының хабарлауынша, элиталық әскердің мақсаты – билікті құлату. Ол үшін оларға биліктегі шенеуніктерді өлтіру керек болған.
Белгілі болғандай, Зеленский мен оның жанындағыларды өлтіру үшін Вагнер атымен белгілі бейресми қарулы топтың 400-ден аса сарбазы Украина астанасына орналасқан.
«Вагнер тобындағы арнайы элиталық жалдамалы сарбаздарды Киевке бес апта бұрын Африкадан алып келген. Олардың басты мақсаты Президент пен Үкімет құрамының көзін құрту» делінген хабарламада.