2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Украина әскері Сирияда соғысқа қатысқан ресейлік майордың көзін жойды

 

Украина әскері Тоцк гарнизоны Орталық әскери округінің (Орынбор облысы) барлау танк дивизиясы батальонының командирі болған 32 жастағы Сергей Александрович Пановты өлтіргені туралы хабарлады.

Бұл туралы Telegram-арнасында Украина ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Антон Геращенко мәлімдеді. Онда Украина қарулы күштері қандай жағдайда Пановты өлтіргені айтылмайды.

«Гвардия майоры 200-ші әскерге Украинадан Орынбор облысына аттанды» делінген хабарламада.

Панов бұған дейін «Ресей Федерациясының бітімгершілік күштері» (Ресей қарулы күштері) құрамында Сириядағы соғысқа қатысып, Сирия президенті Башар Асадтың режимін қолдағаны белгілі.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеу жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар