11 C
Almaty
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

Уәдең қайда, депутат ағай?!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыздағы жолдауында уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылатынын айтқан еді. Осыған байланысты әлеуметтік желіде белсенділігі аз депутаттардың тізімі жасалып жатыр.

Кеше Әділет вице-министрі Алма Мұқанова депутаттардың сайлауалды бағдаламасын дайындаған кезде өте сақ болғаны жөн екенін айтты. Себебі халық қалаулысы берген уәделерін орындамаса, қоғам сұранысын қанағаттандырмаса, мандатынан бір сәтте айырылуы мүмкін.

Бүгіннен бастап депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді. Бұл өз кезегінде халық қалаулыларының жауапкершілігін арттырып, сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға ынталандырмақ,

— деді вице-министр.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде депутаттық сауалды аз жасайтын, белсенділігі төмен депуттардың тізімі жасала бастады. Мысалы, Egovpress телеграм-арнасы бірден бұл тізімге айтыскер ақын Аманжол Әлтайды қосты. Ол Қаңтар оқиғасы алдында мандатын тапсырған жерлесі Бекболат Тілеуханның орнына жайғасқан еді. Телеграм-арнаның жазуынша, 51 жастағы депутат наурыздан бері бірде-бір сауал жолдамаған.

Одан кейін Аманжол Әлтайдың бұрынғы жерлесі, тағы бір Қарағанды облысының тумасы Тілектес Адамбеков бар. 33 жастағы депутат соңғы 1,5 жыл бұрын сауал жолдапты. Яғни 2021 жылдың 12 мамырында сол кездегі премьер-министр Асқар Маминнен банктердің мәселесін шешуді сұраған.

Қазақстан Халқы ассамблеясынан төменгі палатаға өткен Аветик Амирханян каникулдан кейін микрофон қоспаған. Соңғы рет сәуір айында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа медициналық қызметкерлер жетіспейтінін айтыпты.

Ал Анатолий Бойчинге тіпті екі жыл болған көрінеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар