15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Тұрлыхановтың тағы бір ұлы адам ұрды

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлының бойжеткенді итергені туралы видео тарады. Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаның мән-жайын сұрады.

Әлеуметтік желідегі видеода бойжеткеннің өзі келіп, жас жігітке жармасқаны байқалады. Әлгі бойжеткен бірнеше рет жігітті ұруға да тырысады. Алайда жағаласқан уақытта жігіт бойжеткенді итеріп қалған. Жерге ұшып түскен бойжеткеннің видеосын әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр.
«Кім баласын жаман болсын дейді. Бұл бір. Ересек бала ол. Өздері шешеді», – дейді Тұрлыханов.

«Бір-бірін жақсы көретін шығар, қатты» деді сөз арасында депутат. “Отставкаға кетесіз бе?” деген сұраққа депутат “жоқ” деп жауап берді.

Еске салайық, бұдан бұрын Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың басы дауға қалған. Ақпан айында адвокат Анна Чернова мен күйеуі Олег Чернов екеуін Нұрасыл Болат соққыға жыққан болатын.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген. Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шағарды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде Тұрлыхановтың ұлы әскерде болуы керек еді.

Жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар