16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Түркияда «Қорқыт ата түрік әлемі фильм фестивалі» өтіп жатыр

1-5 қараша күндері Түркияның Бұрса қаласында «Қорқыт ата түрік әлемі фильм фестивалі» басталды.

Түрік әлемінің бірлігін нығайту, мәдени ауыс-түйіс ортасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға киногерлер, режиссерлер, кино актерлері, сценарист авторлар, продюсерлер қатысып жатыр.

Фестивал аясында Қазақстан киносының күндері де өтті.

Аталмыш шара бүгін, 4 қараша күні Түрік әлемі кино саммитімен ұласты. Саммитке Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Бұрса қаласына келген қазақ журналистері де қатысты. Әзербайжан, қырғыз, өзбек журналистері де шараға қатысып жатыр. 

Мәдени шараға сонымен бірге Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанна Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Жайдарбек Күнғожинов, Сатыбалды Текеев, продюсерлер Анара Қашағанова, Айгүл Байбек, Алмагүл Тілеуханова, Айгүл Черендинова, режиссер Бекарыс  Елубай қатысып жатыр.

Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев: «Мұндай шараның түрік елдері арасында өтуі өте құптарлық дүние. Киногерлер үшін өте қуанышты жағдай. Бір жақсы киноны көрсек қуанамыз. Нашарын көрсек сынауға ұяламыз. Көңіліне келмесе екен дейміз. Бәрі сәтімен болсын. Жалғаса берсін!» деді.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар