16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Түркия Иракта арнайы әскери операция бастады (видео)

 

Түркияның қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырларына қарсы жаңа әскери операция бастады.

Бұл туралы түрік Anadolu ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, операцияға арнайы жасақ пен әуе күштері жұмылдырылған.

Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, ұшақтар КЖП-ның баспаналарына, бункерлеріне, туннельдеріне, үңгірлеріне және қоймаларына сәтті шабуыл жасаған.

– Операция жоспарланғандай сәтті жалғасуда. Бірінші кезеңде алға қойылған мақсаттар орындалды… Біз 40 жылдан бері елімізді мазалап келген лаңкестік індеттен асыл ұлтымызды аман алып қалуға бел будық. Біздің күресіміз тайға таңба басқандай жалғасады. Соңғы лаңкес залалсыздандырылды, – деді министр.

Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясымен қарулы қақтығыс 1984 жылы басталып, 2015 жылы қайта жалғасты. Ирактың солтүстігінде Түрки қарулы күштерінің әуе және құрлық операциясы жүргізетін КЖП базалары бар. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін 2015 жылдың шілдесінен бері ел ішінде КЖП-ның 6 мың мүшесі және шетелде 6,9 мың мүшесі жойылғанын. Түрік қауіпсіздік күштері 1,2 мыңнан астам адамнан айырылды.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар