20 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Түркістанда полиция бөлімінде түсірілген азаптау дыбыстарының видеосы тарап кетті

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғынына қатысты полицейлер қолданған азаптау дыбыстары жазылған видео жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғынының өзі бұл жазбаны бірнеше күн бұрын Ішкі істер министрлігіне өтініші бойынша алған. Видео Сауран аудандық полиция бөлімінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсірілген.

Ауыл тұрғыны екі қой ұрлады деген күдікпен полиция ғимаратына жеткізілгенін айтты. Оның айтуынша, полицейлер басына пакет кигізіп, соққыға жыққан. Ер адамның пайымдауынша, тәртіп сақшылары осылайша оған өзі жасамаған қылмысты мойындатуға мәжбүрлемек болған. Оқиға биыл 8 ақпанында болған.

Полиция департаменті 34 жастағы тұрғынның мал ұрлығына қатысы жоқтығын, оған қатысты қозғалған іс тоқтатылғанын түсіндірді. Оны азаптаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол өз мәлімдемесінде бес қызметкердің аты-жөнін атады.

Қазір бұл іспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері айналысып жатыр.

Жәбірленушінің айтуынша, Антикор қызметкерлері істі сотқа жеткізгісі келмейді және ауыл тұрғынынан олардың да отбасы, бала-шағасы бар екенін алға тартып, азаптаушыларды кешіруге шақырған. Жәбірленуші тарап мұнымен келіспей, істі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұрайды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар