-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Түркімен қазақтарының көші «белгісіз мерзімге шегерілді»

2 маусымда Түркіменстаннан 490 қандас Қазақстанға көшіп келуі тиіс болған, алайда олардың келмейтіні белгілі болды. Маңғыстау облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов көш «белгісіз мерзімге шегерілді» деді.

– Белгісіз уақытқа шегерілді. Біз оның уақытын білмейміз. Нақты себебін де білмейміз, – дейді Әсет Шопанов.

«Отандастар» қорының өкілі Нұржігіт Қайроллаев та «біз мәселені әкімдіктен біліп отырушы едік, олар келмейді деді, себебін айтқан жоқ. Негізі бұл мәселе сыртқы істер министрлігінің құзырында» деді.

Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі әзірге жауап бермеді.

Мамыр айының басында жергілікті ақпарат агенттіктері 2 маусымда 490 қазақ Түркіменстаннан Қазақстанға оралады деп хабарлаған еді. Мұндай шешімді 11 мамырда Түркіменстан аурудың тарауымен күрес төтенше комиссиясы Қазақстан елшілігінің өтінішімен қабылдаған.

Ақпаратқа қарағанда, жолаушыларды Түркіменстанның темір жол компаниясы Түркіменбашыдан «Болашақ» станциясына жеткізіп, одан әрі қарай қазақстандық темір жол компаниясы оларды Жаңаөзенге жеткізуі тиіс болған. Алайда оларды жеткізетін күн қарсаңында түркімен қазақтар көшінің шегерілгені хабарланды. Оларды Қазақстанда күтіп алғысы келетін туыстарына ешкім ештеңе айтпаған. Кейбірі оларды күтіп алу үшін маусым басында Жаңаөзенге де барған.

«Отандастар» қорының мәліметінше, былтыр ақпанда Түркіменстаннан – 153 қазақ, мамыр айында – 256, шілдеде 241 қандас Қазақстанға оралған. Олардың басым бөлігі Маңғыстау облысына, аз бөлігі Жамбыл облысы мен Алматы қаласына қоныстанған.

Қазақстан 1991 жылдан бастап шетелдегі қазақтарды елге әкеле бастаған. Содан бері елге бір миллионнан астам қазақ оралған.

Қарай отырыңыз: Түркіменстан қазақтары тарихи отанына оралды (16 мамыр 2022 жыл).

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар