-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

«Тұңғыш президент» заңы күшін жояды

Қазақстан мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов 27 сәуірдегі брифингте «егер Конституцияға өзгеріс енгізілсе, «Тұңғыш президент – Елбасы» конституциялық заңы күшін жояды деп күтіліп жатыр» деді.

– Бұл жерде елбасының мәртебесі, артықшылығы алынып тасталды. Тек [Назарбаевтың] негізін қалаушы деген тарихи рөлі Конституцияда қалды. Конституция қабылданса, «Бірінші президент туралы конституциялық заң» күшін жояды. Бірінші президентке «Президент туралы» заңдағы «экс-президенттер туралы» норма мен Конституциядағы бап қатысты болады, – деді Қошанов.

25 суірде Конституциясын өзгерту бойынша жұмыс тобы негізгі заңға елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп статуспен енгізуді ұсынған.

«Жұмыс тобы бұл статусты Конституцияда көрсетуді ұйғарды. Яғни, Қазақстанның бірінші президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Яғни, осы статус бекітіледі» деген еді жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасылов.

Бұл ұсыныс қоғамда сынға қалып, халық тарапынан қарсылыққа ұшыраған. Қошанов «Конституцияға өзгерісті парламент қабылдай ма әлде референдум бола ма уақыт көрсетеді» деді

«ЕЛБАСЫ ЗАҢЫ» МЕН «ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

2000 жылы қабылданған «Тұңғыш президент – Елбасы заңы» Назарбаев пен оның отбасына көп басымдық береді. Заңға сай, Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.

«Тұңғыш президент» заңында Назарбаев және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің «банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік берілетіні» де жазылған.

Қоғамда «Елбасы заңын» жеке басқа табыну деп сынға алатындар көп. Сарапшылар бұл заң арқылы Назарбаев өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп алды деп санайды.

Қазақстанда экс-президенттің құқығы «Президент туралы» заңда да қамтылған. Бұл заңның 4-тарауына сай, экс-президент өмір бойы Конституциялық кеңестің мүшесі болады. Оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкім тиіспеуі тиіс, ал абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғылса заң бойынша қудаланады.

Заң бойынша, экс-президентті қамтамасыз ету, қызмет көрсету, күзету мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұрынғы президент өмір бойы зейнетақымен қамтамасыз етіледі; пәтер, саяжай, жеке күзет, көлік беріледі; тегін медициналық көрсетіледі.

«Экс-президент мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң президент өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi» деп жазылған заңда.

Сарапшылар Қаңтар оқиғасынан соң Назарбаевтың билікке ықпалын әлсіреді, ал Тоқаевтың билігі күшейді дейді. Тоқаев өз сөздерінде бір-екі рет Назарбаев пен оның айналасын сынға алып, Назарбаевтың жақындарын қызметтен алған. Мәселен, Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мәжілістегі депутаттық мандатын тапсырып берді. Экс-президентің немере інісі Қайрат Сатыбалды мен Назарбаевтар әулетінің құдасы Қайрат Боранбаев «ақша жымқыру» айыбымен қамауға алынды.

Назарбаев билік құрған 29 жылда оның қыздары мен айналасындағы жақындары елдегі ең бай адамға айналды. Оның қыздары мен күйеубалалары, жақындарының шетелдегі үйлері мен офшордағы есепшоттары бары анықталған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар