5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Тұңғыш Президент күні мерекелер тізіміне қайта енді

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекелік күндер тізіміне кірді. Үкімет «Мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы 2017 жылғы 31 қазандағы» қаулыға өзгеріс енгізді. Қаулының жаңа нұсқасында 19 мерекелік күн бар. Олардың қатарына 1-желтоқсан Тұңғыш президент күні қосылған. Былтыр Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын.

Қосымшаға сәйкес мереке күндерінің тізбесі:

1. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан;

2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;

3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;

4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

5. ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;

6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;

7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;

8. Абай күні – 10 тамыз;

9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі;

10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылған  күні – 29 тамыз;

11. Білім күні – 1 қыркүйек;

13. Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;

14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;

15. Қарттар күні – 1 қазан;

16. Нан күні – 16 қазан;

17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;

18. Ұлттық валюта күні – 15 қараша;

19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Мерекелер туралы заңға сәйкес, 10 мемлекеттік мереке бар. Ол күндері елде демалыс жарияланады.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар