10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Toyota Ресейдегі зауытын жапты: Қазақстанға келетін Camry мен RAV4 азаяды

3 наурызға қараған түні Toyota Motor Ресейге Toyota және Lexus автокөліктерін жеткізуді доғарғанын хабарлады. Бұл хабарлама компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz сайты Kolesa басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар 4 наурызда Camry седаны мен RAV4 кроссоверін шығаратын Санкт-Петербургтегі зауыттың жұмысы тоқтайды.

Аталған зауытта өндірілген машиналар Қазақстан нарығына жеткізіледі. Былтыр біздің елде 5.6 мың Camry және 3.2 мыңға жуық RAV4 өтті. Бұл — елде сатылған Toyota көліктерінің тең жартысынан астамы.

Toyota өкілдері аймақтағы логистика желісі бұзылғандықтан шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

Анықтама ретінде: Toyota көліктері Қазақстанға Ресейден бөлек тағы бірнеше елден жеткізіледі. Атап айтқанда, Land Cruiser Prado мен Land Cruiser 300 Жапониядан, Corolla мен C-HR Түркиядан, Hilux Таиландтан, Highlander АҚШ-тан әкелінеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар