15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Төреғали Төреәлі есірткімен ұсталды

Алматы қалалық полиция департаменті Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alash.kz тілшісі.

«Алматы қалалық ПД 14  маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатты», –  делінген хабарламада.

Бір айта кететін жайт, Төреғалидың құжат бойынша тегі – Әлиханов.

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды. Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды», –  делінген хабарламада.

ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы  3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар