24 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 8, 2023

«Жауапқа тартылады». Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылдың әскери...

Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша...

Тоқаевты Қытайда қалай қарсы алды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді, оның ішінде стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылатын болады.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің әуежайдағы кездесуінің суретін таратты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қытайлық мектеп оқушылары қарсы алды.

«18 мамырда Мемлекет басшысы Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, мемлекеттік сапарлар бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ Алматыда Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсіміне қатысады», – деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысады. Сондай-ақ Сиань қаласындағы еліміздің Бас консулдығының салтанатты ашылуына қатысу жоспарлануда.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар