-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Тоқаев Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын дамытуға «Қазақмыс» ұсынған 25 миллиард теңгені азсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамытуға корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аясында ұсынған 25 миллиард теңгені жеткіліксіз деп санайды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақмыс» компаниясы басқармасының төрағасы Эдуард Огай Тоқаевқа кәсіпорынды және тұтас аймақты дамыту туралы баяндама ұсынған.

«Әрине, әлеуметтік мәселелер шешуді қажет етеді. «Қазамыс» корпорациясына өте белсенді түрде қатысыңыздар деп өтініш айтамын. Бәлкім, ерекше жағдайда 25,4 миллиард жеткіліксіз болар. Егер мүмкіндік болса, құрылысты көбірек қаржыландыру [қажет]. Әлеуметтік нысандар құрылысына атсалысу керек. Спорт нысандары қажет. Тұрғындар инфрақұрылым қажетке сай жақсарады деп үміттенеді. Әрине, мәдениет нысандары да ерекше назарды қажетсінеді, – деді Тоқаев. Ол салынатын спорт кешені көп функциялы болғаны жөн деген пікір айтқан.

Қазақстан президенті Ұлытау облысына 16 маусымда, содан екі күн бұрын өз жарлығымен құрып, өзі басқаратын ұлттық құрылтайдың алғашқы жиынын өткізуге барған.

Қазақстандағы мыс өндіруші ең ірі кәсіпорын саналатын «Қазақмыс» корпорациясы мысқа қоса құйма алтын мен күміс, қорғасын тозаңын да шығарады. «Қазақмыс» акцияларының 70 пайызы Владимир Кимнің иелігінде. 61 жастағы Владимир Кимнің байлығын, Forbes журналының қазақстандық нұсқасының 2022 жылғы мамырдағы дерегі бойынша, 5 миллиард долларға тең. Осы тізімде ең бай қазақстандықтар арасында бірінші орында тұрған Кимнің байлығы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 400 миллион долларға көбейген деп жазады басылым.

Владимир Ким де, қазақстандық өзге миллиардерлер сияқты Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі тұсында байыған. 2005 жылдың қазан айынан 2012 жылдың мамырына дейін «Қазақмыс» тобы директорлар кеңесінің төрағасы болған Владимир Ким жемқорлықты әшкерелейтін халықаралық зерттеуші журналистердің назарына бірнеше рет ілінген. Биыл ақпанда Ұлыбритания парламентінде Қазақстандағы жемқорлық жайлы пікірталаста «халқын тонап, қалтасын қомпайтқан қазақ олигархтарына қарсы» шара қолдануды сұраған ағылшын депутаты Маргарет Ходж 28 адамның арасында Кимнің де аты-жөнін атаған. Владимир Ким бұл айыптауға байланысты пікір білдірген жоқ.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар