22 C
Almaty
Дүйсенбі, Маусым 5, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорда жариялады.

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.

Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды.

Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін.

Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін!

Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар