1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Тоқаев Маңғыстаудағы жұмыссыздықты халықты өзге аймақтарға көшіру арқылы шешу қажеттігін айтты


Маңғыстау өңіріндегі жұмыссыздық мәселесін халықты өзге аймақтарға көшіру арқылы шешу қажет. 13 шілде күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау өңіріндегі жұмыссыздық мәселесіне тоқталған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыны меңзеді. Президент жұмыссыздық ушығып тұрған Жаңаөзенде шикізат қоры сарқылып бара жатқанын айтып, «бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес» деді.

– Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес. Мұны ашық айту керек. Өңірдегі жұмыссыздық ішкі және сыртқы көші-қон үлесіне байланысты күшейіп барады. Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қарау керек, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, тарихи отанына оралған қандастарды тек Маңғыстау ғана емес, өндірісі дамыған аймақтарға орналастыруға мән беру керек.

Тоқаевтың айтуынша, «жөнсіз жүргізілген көші-қон саясатының салдарынан Маңғыстау облысында күрделі ахуал» қалыптасқан.

– Тұрғындар саны көбейгенімен әлеуметтік инфрақұрылым салынған жоқ. Жұмыс орындары ашылмады. Тұрмыс сапасы төмендеп кетті. Жұрт «Қазмұнайгаз» компаниясына жұмысқа тұрғызуды, жоғары жалақы беруді талап етіп отыр. Ашығын айтқанда, Жаңаөзендегі кен орындарының көбі сарқылып барады. Бұл жағдай баршаға мәлім. Соңғы 15 жылда осы өңірде мұнай өндіру ісі 30 пайызға азайған. Соған қарамастан жұмысшылар саны 50 пайызға көбейді. Еңбекақы төлеу қоры 10 есе артты. Бұл көп жалақы төленетін үш өлкенің бірі осы. Үкімет Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы жоспар қабылдады. Республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөліп, салықты азайтып отыр. Осындай тікелей қолдау шаралары еліміздің басқа облыстарының есебінен жасалынады, – деді Тоқаев.

Жаңаөзен 2012 жылы моноқалалар тізіміне енген. 2013 жылы Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға 13 миллиард теңге ақша бөлінді. Ал 2019 жылы үкімет Жаңаөзенді дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын бекітті. Соған сәйкес, 67 жобаны жүзеге асыру үшін 230 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Бірақ қалада жұмыссыздық азаймады. Биыл қаңтар мен сәуір айындағы жұмыссыздардың табандаған ереуілінен соң билік арнайы комиссия құрып, 500-ге тарта адамды жұмысқа орналастырғанын мәлімдеген. Алайда жұмыс сұрағандар одан нәтиже шықпағанын айтады.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар