22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Тергеуден кейін асылып қалған

Суреттегі жігіт — марқұм Ақжол Қилыбаев. 25 жаста. Абай облысы Қасқабұлақ ауылының тумасы. Ол 5 қаңтарда Семейдегі бейбіт митингіге қатысып, кешке ауылдастарымен үйіне қайтқан.

Үш күннен соң, 8 қаңтарда оны аудандық полицияға  әкетіп, учаскеде алты сағаттай тергейді. Түнгі 3:00 шамасында шешесіне «Мен шықтым. Үйге барамын» деп қысқа қайырып, хабарын береді. Мамасы ұйықтап кетеді. Таңға жуық оянып іздей бастағанда, сарайдан Ақжолдың денесін табады. Жігіт өзіне қол жұмсаған екен. «Айқайлап жылап жібердім. Құтқаруға тырысып, Ақжолды көтеріп тұрдым. Денесі жып-жылы еді» дейді Нұргүл апай. Бірақ жігіт жүріп кетіпті.

Марқұмның шешесі бес айдан бері ұлының өліміне кінәліні іздеп жүр. Абай аудандық полициясы «Ақжол тергелген күнгі видеожазбаны өшіріп тастадық» деген.

— [Аудандық полиция] «Астанаға барасың ба, ауылға барасың ба — қайда барсаң, онда бар. Балаңның денесінде көгерген із жоқ» деп отыр. Менің балам ондайға баратын бала емес. Жігерлі, өмірге құштарлығы зор, арманы керемет болатын. Менің балам өзі өлген жоқ. Келе салып асылып өлетіндей нендей күйде болды. Не айтты оған? — дейді.

Нұргүл апай адвокатымен бірге «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабымен іс қозғалуына күш салып жүр. 14 наурызда Бас прокуратураға арыз жазған. Олар істі жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырған. Қазір тексеру жүріп жатыр.

— Өліміне кінәлі адамдарды тауып, жазасын берсе екен дейміз. Қорғанышым еді… Жалғыз қалып отырмын сіңліммен. Тіреушім, ақылшым еді. Ақылдаспай ештеңе істемеуші еді. «Мама, былай етейік пе, мама?» деп мынаны көрсетеді. «Былай істелегі отырмын, дұрыс па, көрші?» дейтін.

Khadisha Akayeva 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар