15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

«Тергеу заңға сай жүргізіліп жатқан жоқ. Оларға оның көзін құрту туралы бұйрық берілген». Дики Арман мен Қайрат Құдайбергеннің қылмыстық ісі сотқа түсті

«Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиев және Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің қылмыстық ісі сотқа түсті. Осыған байланысты айыпталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады.

Адвокат Рена Каримова сот талқылауы барысында Арман Жұмагелдиевтің қалай ұсталғанын және оның азапталуын бірінші орынға қоятынын айтты.

– Айыптау актісіндегі кейбір тұстар менің басыма сыймайды. Іс сотқа жіберілгеннен кейін БАҚ-та біз өз қорғауымыздағы азаматтар туралы көптеген жағымсыз жарияланымдарды көрдік. Тергеу аяқталған кезде Арман Жұмагелдиев өз істерін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш білдірді. Арман тек басбұзарлықпен айналысқан қарақшы және қылмыскер ретінде ұсынылған. Бұл іске қатысты баға беріліп қойды! Барлық ақпарат тұжырым ретінде беріледі. Ұрлады, тонады, бүлінгеннен бүлдіргі алды. Мұндайға жол беруге болмайды. Кінәсі сотта дәлелденгенге дейін ешкім кінәлі деп танылмайды. Кінәсіздік презумпциясы бұзылды,

– деп атап өтті Каримова.

Ол айыптаудың негізсіз екенін баса айтты. Айыптау актісінен дәйексөз келтірді: «қорғаушы тараптың өз пайдасына жасаған дәлелдері», «осылайша қорғаушы дәлелдері дәрменсіз және оларды ескеру мүмкін емес”.

– Яғни, прокуратура әлі біздің  стратегиямыз туралы білмесе де, қорғаушы тараптың дәлелдерін талдап үлгерді. Олар барлық дәлелдер жоққа шығарылды деп сипаттайды. Яғни, айыптау актісінде баға беріліп қойды. Егер ол оқылса – сотты мүлдем өткізудің қажеті жоқ. Ұсталған кезде ол азапталды. Бұл маңызды сәт. Ашық қолжетімді видеолар бар. Онда бәрі анық көрінеді. Ол қарсылық көрсетпеді. Барлық ресми мәлімдемелер белсенді қарсылық көрсеткенін айтады. Оны аяусыз ұрып-соғып, өлтіріп қоюы да мүмкін еді. Ештеңенің мәнісіне бармастан. Өте қорқынышты болды. Мен полицияның әрекетіне наразымын. Мұндайға жол берілмеуі тиіс. Азаптау туралы іс жалғасып жатыр, бірақ мен оны қандай орган қарап жатқанын да білмеймін. Тергеу заңға сай жүргізіліп жатқан жоқ. Оларға оның көзін құрту туралы бұйрық берілген. Сотта менің алғашқы өтінішім оны қамаудан босату болады. Себебі заңсыз қамауға алынды», – деп атап өтті адвокат.

Іспен 100 адам айналысқан

Арман Жұмагелдиевтің тағы бір қорғаушысы Сәлімжан Мусин барлық тергеу айыптау бағытымен жүргізілгенін атап өтті.

– Бұл конференция мәжбүрлі түрде өткізіліп отыр. Біз істің егжей-тегжейіне назар аударғымыз келмеді, бірақ оның айналасында не болып жатқанын бағалауға тырыстық. Барлық ақпараттық хабарламалар тек айыптау позициясындағы талдауға толы. Онда сот талқылауы алдын-ала шешіліп қойған. Айыптауға қатысты іс. Бәрі біржақты емес. Бас прокурор ұсынғандай тек күңгірт түсте емес. Тергеу тек айыптау нұсқасын толықтыру үшін жүргізілді. Тергеу тергеушінің іс бойынша сұрақтары таусылған кезде ғана аяқталады. Бұл іспен 100-ге жуық адам айналысқан. Үлкен арсенал», – деді адвокат.

Ол сондай-ақ айыптау актісінің желіде неліктен пайда болғанына ашуланады.

– Кімге пайда? Қазірдің өзінде БАҚ-та айыптау актісі пайда болды. Айыптау актісінің барлық 500 беті айыптауға арналған. Тек екі бетті қорғаушы тараптыкі. Әрине, қоғамда бәрі дәлелденген деген пікір қалыптасады. Актіде прокурор 207 рет «анықталмаған адамдар» деп жазған. Соңғы актіде мұндай сөздер болмауы керек сияқты. Ал ол бұл адамдарды анықтай алмағанын  207 рет айтады. Қаңтар оқиғасы бойынша 100-ге жуық үкім шығарылды. Біздің ісіміз өзге істерді түйіндеуі керек сияқты еді. Егер адамдар билікті басып алу және тәртіпсіздіктер сияқты бұзушылықтар үшін айыпталса, сәйкесінше біз мына сұрақтарға жауап алуға құқылымыз: Қаңтарда не болды? Ұйымдастырушы кім? Бұл сұрақтарға жауап берілген емес. Жақында екі жыл болады, әлі жауап жоқ. Біздің қылмыстық ісіміздің материалдарында да бұл туралы айтылмайды. Билікті кім басып алуға тырысқанын әлі білмейміз бе? Бірақ тергеушілер біздің қылмыстық ісімізді бөліп алып, сотқа жіберуді дұрыс деп тауыпты. Осы жерден 207 адам. Ол кіммен сөз байласты? Қашан, кіммен? Бетпе-бет кездестірсін», – дейді адвокат.

Ол бұл қылмыстық істе көптеген күмәнді жайт бар екенін атап өтті. Ал қоғам сұрақтарға жауап талап етуге құқылы.

– Көшеде хаос болғанын бәріміз көрдік. Бірақ тіпті заң қарапайым азаматтарға белгілі бір адамдардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға мүмкіндік береді. Адамдар өздеріне тиесілі дүниені қорғау үшін жиналды. Көшелерде берекесіздік болды. Кейбіреулер өз беттерінше ұйымдасып, өздерін қорғай бастады. Кейбіреулер тәртіпсіздіктерді тоқтатуға тырысты. Бірақ қазір олар жаңа билік құруға тырысты деп айыпталуда. Түсініктің бәрі өзгеріп кетті, – деп атап өтті Мусин.

Құдайберген халыққа көмектескісі келді

Қайрат Құдайбергеннің қорғаушысы Бауыржан Бибатыров қоғамда күдіктілер туралы қасақана теріс пікір қалыптастырылып жатқанын айтты.

– Біз нәтиже объективті болады деп үміттендік. Өкінішке қарай, бәрі дұрыс болмады. Біз Құдайбергеннің бұл істе қалай пайда болғанын түсіндіру үшін төтенше шараларға баруға мәжбүрміз. Актіге сәйкес, 2019 жылы менің қорғауымдағы азамат билікті басып алу жоспарына қатысқан деп болжануда. Ол үшін ол әлеуметтік желілерді белсенді түрде жүргізе бастады. Осылайша, оны түрмеге жауып, ойдан шығарылған негіздер бойынша ұстап отыр. ҚІЖК бойынша біз қазір істің егжей-тегжейін айта алмаймыз. Соған қарамастан, Қайраттың  адамдарды тыныштандыруға тырысқан және тонаушылықты тоқтатуға шақыратын видеосы бар. Иә, ол қаланы хаостан қорғау үшін отрядтар құрғысы келді. Ол халыққа көмектескісі келді. Өкінішке қарай, оның белсенді ұстанымы қылмыс ретінде қабылданды», – деді адвокат.

Түрмедегі сот

Рена Каримова тағы бір жаңалықты хабарлады: оның айтуынша, тергеу изоляторында жеке сот құрылды.

– Мен естіген жаңалық ашуымды туғызды. Бірнеше ай бойы тергеу изоляторында Жұмагелдиевке қатысты сот жүргізу үшін үй-жай салыныпты. Осы процесс үшін олар түрме ішінен түрме салған. Олар сол жерде сотталғалы жатыр. Не үшін? Мен процесс ашық деп санаймын. Кез келген адам келіп, Қаңтарда не болғанын тыңдай алады. Бірақ түрмеде түрме салынды. Егер процесс сол жерде жүрсе, онда ешкім ештеңе біле алмайды деген сөз. Себебі тергеу изоляторында байланыс желілерін бұғаттайтын құрылғылар бар. Адвокаттар онда қанша ай жұмыс істейтіні белгісіз. БАҚ та дәл солай. Онда отырғысы келетіндер аз. Ал егер алқабилер болса? Егер алқабилер күн сайын бірнеше ай бойы түрмеге келіп, таңертеңнен кешке дейін сол жерде тұруға мәжбүр болса, үкім қандай болады.  Объективтілік қайда? Бұл процеске қатысты ешқандай үмітім қалмады, – деді Каримова.

Неліктен Жұмагелдиев пен Құдайберген тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы бола алмайды?

Рена Каримова айыптау актісінен үзінді оқыды: «Алматыда және жақын маңдағы облыстарда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мақсатында Маңғыстау облысындағы митингілерді қолдау сылтауымен Almaty және Halyk Arena кешендерін жиналу орындары ретінде белгілеп, рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге шақырулар тарады».

– Маңғыстау туралы неге жай ғана айтыла салды? Митингілер қайдан пайда болды, наразылық қайдан пайда болды? Неден туындады? Біз газдың бағасы көтерілгенін жақсы білеміз. Кім көтерді? Бұл біздің қорғауымыздағы адамдардың қолынан келетін іс емес. Барлық тәртіпсіздіктер батыста басталды. Мұнда адамдар сол жерде болып жатқан оқиғаларға үн қосты. Егер барлық тәртіпсіздіктердің бастауы Алматыда болмаса, біздің қорғауымыздағы азаматтар қалай ұйымдастырушы бола алады? Олар мұның бәрі Алматыдан алыс жерде және мүлдем басқа себеппен басталғанын жазады. Міне, зұлымдықтың тамырын осы жерден іздеу керек. Оларды тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар деп атауға болмайды. Бұл ешқандай қисынға келмейді», – деді адвокат.

Біз күш қолдануға мәжбүр болдық –  Арман Жұмагелдиев

Конференция соңында адвокаттар Арман Жұмагелдиевтің сот басталмас бұрын жазған хаты дыбысталған видеоны қосты.

– Қаңтар ісінің ұзаққа созылуына байланысты біз бастан өткеріп жатқан кезең бәріміз үшін өте қиын болды және көптеген адамдардың жаны қиналып жүр. Полиция да, мемлекеттік органдар да жұмысын тоқтатқан кезде, құқық қорғау жүйесі құлады, әрбір қамқор азамат қаланы қорғауға шықты. Біз арандатушыларға, тонаушыларға, зорлаушыларға және нашақорларға қарсы күш қолдануға мәжбүр болдық, бірақ олардың өміріне қауіп төндірмейтін шаралар жасадық, – делінген хатта.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген өткен жылдың 22 сәуірінде ұсталды. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.

Қайрат Құдайбергенге Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған. Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты  порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңды қаңтар жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.

Ал «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі сан мәрте ұзартылды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар