22 C
Almaty
Дүйсенбі, Маусым 5, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Теннисшілер арасындағы текетірес

Алматы қаласындағы ЦСКА теннис орталығында бүгін 18 жасқа дейінгі жастар арасында ІІІ-санаттағы ITF турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш теннис федерациясы хабарлағандай, маусым айындағы жауын-шашынның салдарынан теннисшілер арасындағы қызықты бәсекенің финалы хард төселген жабық залда өткен. Жабық залда жалғасқан ойын есебі төмендегідей өрбіді. Мысалы, Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекованың жұбы Еркежан Арыстанбекова мен Дана Байдәулетті бірінші таймда 6:3, екіншісінде 6:2 есебімен айқын жеңді. Сөйтіп, Арыстанбекова мен Нұпбай жұбы ITF Juniors жарыстарындағы 5-титулына қол жеткізді.

Ал жарыстың жекелей сынында Дана Байдәулет соңғы жекпе-жекте ресейлік Валерия Гынинаға есе жіберіп қойды. Есеп – 4:6, 1:6. Ойыншылар ойынға осылай нүкте қойды.

Теннис спортынан қашан да еуропалықтардың мысы басым болатыны анық. Мәселен, бозбалалар арасында аустриялық Поль Уоррен ақтық финалда Ресейден келген Григорий Щебекинді үлкен айырмашылықпен тізе бүктірді. Ойыншылардың арасындағы есеп – 7:6 (7:2), 3:6, 6:3. Бұл ойынның тартысты болғаны соншалық, көрермендер тарапынан қызығушылық көп болды.

Жалпы, соңғы уақытта теннисші жерлестеріміз Сербиядағы додада топ жарған болатын. Осы жолғы жарыстан кейін отандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары да анықталды.

Ш.Қалыбек

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар