14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Тегеран Ресей ертең Байқоңырдан ұшыратын Иран спутнигін Иранның өзі ғана бақылайтынын мәлімдеді

Тегеран Иран спутнигін Мәскеу Украинадағы соғыс мақсаттарына пайдалануы мүмкін деген болжамды теріске шығарды.

Бұған дейін халықаралық БАҚ Батыс барлауының мәліметтеріне сүйене отырып, 9 тамызда Иранның «Хайям» спутнигін ұшырған соң «Ресей оны Украинадағы соғысқа байланысты қажеттіліктеріне пайдалануы мүмкін» деп хабарлаған.

«Бұл спутиникті бақылау және пайдалануға байланысты бұйрықтардың бәрін спутник ұшқан сәттен бастап Иран сарапшылары жүзеге асырады», — деп жазылған 7 тамызда Иранның ғарыш агенттігі жасаған мәлімдемеде.

«Хайям» спутнигі ертең, сейсенбіде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады. «Роскосмос» мәліметіне қарағанда «аппарат «Роскосмос» аясына кіретін кәсіпорындарда жасалған».

4 тамызда Washington Post газеті Ресей бұл спутникті Иранға бермес бұрын «бірнеше ай бойы Украинадағы соғысқа пайдаланады» деп жазған. Алайда Иран мәліметтерді беру кезіндегі шифр алгоритмі ақпаратты үшінші елдің алуына мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді.

Батыс спутник ұшыру жүйесіне ядролық оқтұмсық жеткізе алатын баллистикалық зымыранмен тең технология пайдаланылады деп алаңдайды. Тегеран өзінің ғарыш бағдарламасы тек қана қорғаныс және бейбіт мақсатттарға арналғанын айтып отыр.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар