-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Театр мен киноның тау тұлғасы

Театрдың алдындағы басты мақсаттардың бірі – адамгершілікке шақыру, ең алдымен өнерге деген тазалық керек… Режиссердің, актердің өз өнеріне деген фанатизмінсіз театр өнері өспейді», – деген екен режиссер Бәйтен Омаров.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Бәйтен Уәлиханұлы Омаров – 1927 жылы 10 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Бәйтен Уәлиханұлы 1948 жылы Алматы қаласындағы киноактерлер мектебін, 1954 жылы Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірді. Режиссерлік өнер жолын 1953 жылы тұңғыш рет Н.В. Гогольдің «Үйлену» комедиясын қазіргі Атырау облысы драма театрында қоюдан бастады. 1954-1989 жылы Семей облысы драма театрында, Ұйғыр мемлекеттік музыкалы комедия театрында, Қазақконцертте, Талдықорған облысы драма театрында бас режиссер болды.

Ол А.Қаһардың «Ауру тістер», М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты», Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңыз», Гогольдің «Ревизор», Ә.Тәжібаевтың «Майра», Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Ш.Айтматовтың «Жәмилә» тағы да басқа спектакльдерді сахнаға сәтті шығарды.

Ұлттық сахна өнері қайраткерлерінің бірі – режиссер, ҚР Халық әртісі Бәйтен Омаров Алматыда ашылған киноактерлер мектебінде әйгілі режиссер-педагог Асқар Тоқпановтан білім алып, актерлік өнердің алғаш қадам басты.

Асқар Тоқпановтың мектебінен «сен тұр, мен атайын» дейтін мықты режиссерлершықты. Асекеңнің шәкірттерінің бәрі де кезінде бір-бір театрдың бас режиссерлік жұмысын дөңгелетіп, ұлттық сахна өнерімізді дамытуға мол үлес қосты. Сол мықтылардың бірі Бәйтен Омаров республикамыздағы байырғы да жетекші ұжым — Семей музыкалы драма театрында 20 жылға жуық көркемдік жетекші болды.

Бәйтен Уәлиханұлы кәсібилік деңгейіне қылау түсірмей, театрдың жұмысын жандандырды, шәкірттерін әлі түрен түспеген тың жолға сала білді. Бұл — білімділіктің, кәсіпқойлықтың, театр өнеріне деген адалдықтың нәтижесі еді.

Бәйтен Омаров қандай спектакль қойса да, пьеса үстінде өз бетінше тыңғылықты жұмыс істеу, оны барынша тиянақты зерттеу, драматург ойының түкпір-түкпіріне дейін ақтарып шығу — оның өнеріне тән құбылыс.

Дулат Исабеков: «Бәйтен Омаров режиссурамен бірге актер шеберлігінен де түбегейлі білім алған. Бұл сабақты әйгілі Вахтанговтың шәкірті — Рубинштейннің жүргізуі екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Мұнда болашақ режиссер шеберлігінің қыр-сырын меңгерумен бірге, сол орындаушылық өнер арқылы режиссерлік ой-түжырымды жүзеге асырудың өзіндік жолдарын да қарастырады» дейді.

Бұл — қоюшы режиссердің актерлермен роль үстінде жүмыс жүргізудің, шықпай жатқан рольді меңгеру жолдарын түсіндірумен бірге, көрсете білу, қажет болған тұста сахнаға ойнай білуі де шарт. Оның осы ерінбей, жалықпай ізденгені оның Атырау театрының сахнасына қойған Гогольдің «Үйлену» дипломдық жүмысында өзінің ерекшелігімен көрінді. Пьесаның қойылу тарихына байланысты жүргізген мол танымдық жұмыстан басқа, әрбір кейіпкердің түрлі театрлардағы сахналық пайымдауларын қарастырып, олардың киім үлгілеріне дейін қағазға түсіріп алуы – нағыз шығармашылық жұмыстың сипатын танытса керек.

Осындай мықты дайындықтан өткен Б.Омаров мол шығармалық тәжірибесімен қазақтың театр қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Мұндағы ізденісінің бастамасын уақыт талабына сай театр репертуарын музыкалық біржақтылықтан арылтып, күрделі драматургиялық туындылармен толықтырумен айналысты.

Бәйтен Омаров Совет заманындағы идеологиялық қысымға қарамастан М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің, Ғ.Мүсіреповтің пьесаларына репертуарда басымдылық береді. Солардың бірі — ұзақ үзілістен кейін М.Әуезовтің «Қаракөзін» республикамызда ең алдымен сахналап, қойылым театрдың кезеңдік табысы дәрежесіне көтерілді. Түрлі трагедиялардан еңсесі езілген Семей жұртшылығының рухын көтеруге Бәйтен Уәлиханұлының еңбегі көп сіңді.

ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов: «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – дейді әйгілі Шәкен Айманов. Бәйтеновтың кино және театр өнеріндегі айқын ізінен қайраткердің өзін көреміз» дейді.

Кеңестік идеологияның тосқауылына қарамай«Еңлік — Кебек» трагедиясын республикамызда ең алдымен сахналаған осы Бәйтен Омаров екенін көпшілік білмеуі мүмкін.

Қайраткер тұлға Бәйтен Омаровтың кино саласындағы өнер жолы – бөлек әңгіме.  1972 жылдан киноға түсе бастаған «Жанталас» фильмінде Бадмаев, «Даладағы қуғын» фильмінде Ақан, «Қосымша сауалдарда» Бекбосынов, «Жылан жылында» генерал-губернатор рөлдерін сомдады және бұдан басқа да бірнеше фильмде басты және эпизодтық рөлдерді сәтті ойнады.

 ҚР Халық әртісі  Досхан Жолжақсынов «Шәкіртсіз ұстаз тұл». Бүгінде Бәйтен Омаровтың шәкірттері қазақ театр өнерінің ауыр жүгін қажымай көтеріп жүр. Өнер жолы қаншалықты ауыр болса, ұстаздың рухы алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің салмағы одан кем емес» дейді.

Болат Әбділманов: «Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай өнерді алсақ та сән-салтанатпен, ырғалып-жырғалып бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз ұрықтан жәйлі топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген» деп түсіндірді.

Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Әрбір өнер өзінің туып-өскен жолында арнайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттардың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезеңде өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымен, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл халден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды».

Бұл – қазақ халқының бағына біткен ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің театр туралы толғанысы. Қайраткер Бәйтен Омаровтың өнер жолына көз салсаңыз, туған ұлтының тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, астасып жатыр.

Әйгілі актердің бүгінде өзіндік мектебі, жолын жалғайтын ізбасарлары аз емес. Солардың бірі – «Жас Сахна» театры.

Театр 2006 жылы педагог әрі режиссер, қазақ және орыс театрларындағы жүзден астам спектакльдің қоюшысы, танымал қазақстандық актер Бәйтен Омаровтың құрметіне құрылды.

Алғаш театр сахнасында неміс театрының актерлері Бертольд Брехттің «Ереже мен одан тыс» пьесасын қойды. Сондай-ақ осы сахна төрінде Жанна Саттарова, Ирэн Аравин тобының кештері өтті.

2013 жылы театр тарихында тың өзгеріс болды. Жанр мен бағыттар арнасы кеңейді. Танымал қазақстандық кино мен театр актері, режиссер Евгений Жұманов театрдың көркемдік жетекшісі қызметіне келді. Оның «Құлау» мен «Хат» сынды моноспектакльдері көрермен жадында көпке дейін сақталды.

2016 жылы театрдың көркемдік жетекшісі драматург, театр мен кино актері, Тәжікстанның еңбек сіңірген қайраткері Барзу Абдураззаков болды.

Тәжікстанның еңбек сіңірген қайраткері Барзу Абдураззаков

Театрда басты рөлдерді сомдайтын актерлер

Бүгінгі таңда театр қабырғасында болашағынан көп үміт күттіретін Темірбек Жүргенов атындағы театр академиясының түлектері өнер көрсетіп жүр.

«Жас Сахна» театрынан көптеген заманауи тақырыптарды көтерген қойылымдарды көруге болады. Солардың ішінде көрермен аса сүйіп көретіндері — «Жіп теориясы. Аңдардың оқиғалары», «Солтүстік шұғыласының құпиясы», «Амалсыз емші» комедиясы, «Сыныптастар. Өмір сабақтары» қойылымы және т.б.

Бүгінде Бәйтен Омаровтың ұрпақтары іргесін қалаған жас театрдың көрермендері күн санап көбейіп келеді.

Өнерге деген адалдық – ұлтқа деген адалдық. Олай болса, қазақтың кино және театр өнерінің алып бәйтерегі Бәйтен Уәлиханұлы Омаровты халқы ешқашан ұмытпақ емес.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар