10 C
Almaty
Сейсенбі, Мамыр 30, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Тасмағамбетов Назарбаевтың «боғына» батты – Светқали Нұржан

Белгілі ақын Светқали Нұржан QasqaJol жобасына сұхбат беріп, көптеген мәселелер жөнінде ой толғады. Сұхбаттан Нұрсұлтан Назарбаев туралы, Қасым-Жомарт Тоқаев туралы, Иманғали Тасмағамбетов пен Әбіш Кекілбаев туралы бірқатар пікірлерді байқауға болады.

– 1996 жылы Шайыр деген жерде Әбіш Кекілбаев ағамыз бар, кездесу өтті. Нұржігіт Арықбаев деген ақсақал «Әбіш, шырағым, сен басқарып отырған Парламент ойлы, милы жұмыс жасап отыр еді. Не үшін таратты, не жазып қойдыңдар?» деп сұрады. Көзім тірі мен куәмін, басқа да куәлар бар. Сонда Әбіш ағамыз «Біздің елге биыл өте көп көлемде инвестиция құйылады. Соның кіріс-шығыс есебін Парламентке беруді сұрадық. Оны біз қарамасақ, өліп-талып жеткен Тәуелсіздігіміздің тамырына өзіміз құрт болып түсеміз. Жазығымыз – осы» деп жауап берді. Басынан демократиялық құндылықтар тілде ғана. Сол жылы бұның миллиард доллары бар екені анықталған. Үлкен айғай болды. Халықтың алдына өзін ақтату үшін Иманғали Тасмағамбетовты шығарды. Бұдан да басқа, мысалы, жер мәселесі сияқты шулы жерлерге Тасмағамбетовты лақтырып отыру әдеті еді. Тасмағамбетов оған адал болды. сол адалдығынан мұның «боғына» батуына тура келді, – деді ақын.

Светқали Нұржан Иманғали Тасмағамбетовтың анасының қырқында Иманғали Нұрғалиұлынан саясаттан дер шағында неге кеткенін сұрағанын айтады. Сонда Тасмағамбетов «Екі билік отқанда үшінші болып несіне араласамын» деп жауап беріпті.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар