14 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

«Тағдыр таңдаған ұлы тұлға»: Мұхтар Әуезов -125

Алматы Менеджмент Университетінің қабырғасында Тілдер орталығының ұйымдастыруымен 11 қазан  күні ұлы тұлға, зағңар жазушы, Абайтанушы ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Тағдыр таңдаған ұлы тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті. Аталған іс-шараға арнайы қатысқан университетіміздің ректоры Куренкеева Гульнара Турдалиевна, Ғылым жөніндегі проректоры Сәркеев Бақытжан Құрманбайұлы  жастарға Абай арқылы  қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы М.Әуезов жайлы мазмұнды ой толғады.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның өткізудегі мақсатымыз – жастар қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші болып табылатындықтан, ұлы жазушының шығармашылығымен таныстыру, жазушы туындылары арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Кеш барысында тақырып бойынша «Кім жылдам» атты викториналық ойын жүргізіліп, жазушы жайлы танымал тұлғалардың нақыл сөздері,                               Ғ. Қайырбековтің «Тау Шыңғыспен тілдесу» өлеңдерінен үзінділер оқылып, «Абай жолы» жолы романынан сахналық көрініс көрсетіліп,  Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, Құрманғазының «Адай» күйі, Абайдың әндері (патриоттық тақырыпта әсем ән мен өлеңдер) орындалып, кештің ажарын аша түсті.                           Кеш соңында университет ректоры кеш қатысушыларына және осы университет деңгейінде кездесу кешін ұйымдастырған оқытушыларға (Бегалиева Л.Б., Садыр Г.А., Бейсембиев Б.Қ.)  және кешке ат салысып, өз өнерлерімен тәнті еткен студенттерімізге алғысын білдірді.

Бегалиева Ләззат Бегалиевна

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар