-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Судья Біртановқа тағылған айыпты түсіндіріп бере алмады

Өткен бейсенбі күнгі сот отырысында прокурорлар айыптау қорытындысын жариялағаннан кейін көпшіліктің көкейінде бір сұрақ қалды. Менен «не үшін айыптап отыр, түсінбедік?» деп сұрайды.
Мен де түк түсінбедім. Өздеріңіз бағалаңыздар.
1) Қылмыс оқиғасы – 2018 жылы жұмыс істемейтін платформаны қабылдау. Бірақ іс материалдарына қарасақ, платформаны жасаушы (Эриксон компаниясы) оны жоққа шығарады. Яғни, платформаның қолдануға жарамды екенін айтады. Ал сот сараптамасы айыпты растамады.
2) Қылмыстық әрекет – қызметтік өкілетті асыра пайдалану. Дегенмен іс материалдарында бұған дәлел жоқ. Оның үстіне, платформаны қабылдау және төлеу менің құзыретіме кірмеген.
3) Қылмыстың мотиві – мемлекеттік қызметшінің тиімді имиджін қалыптастыру. Негізі бұл мемлекеттік қызметшінің міндетіне кіруі тиіс нәрсе ғой. Оған қоса, тағылған айыпқа ешқандай дәлел жоқ.
Ең бастысы – істе менің қандай да бір материалдық пайда немесе артықшылық көргенімді дәлелдейтін ешқандай дәлел жоқ.
4) Мемлекетке 4 миллион доллардан астам қаражат көлемінде зиян келтіру (жұмыс істемейтін платформаны қабылдау). Айыптау қорытындысында биылғы тамызда платформаны іске қосу жоспарланғаны айтылған. Яғни, ешқандай залал келмеген.
Бұл аз десеңіз, Денсаулық сақтау министрлігінің де, Қаржылық мониторинг агенттігінің де платформаны әзірлеушіге ешқандай шағымы жоқ екені анықталды. Жәбірленушілер мен айыптаушылар, компания платформаны қайта жасап шықты ма, әлде жоқ па?
Осыларды көре отырып, айыптың мәнін қалай түсінесің??
Мен судья Ибрагим Әлкеновтен мұны түсіндіруді сұраған едім, ол да жауап бере алмады. Ол істі қарауға қабылдағанымен, өзі де айыпты түсінбейтін секілді.
Beisekeyev Nurlan, Kuryachenko Dmitriy, Серик Сагалиев, бәлкім сіздер түсіндіріп берерсіздер?
Елжан Біртанов

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар