13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Стамбул мэрі «билікті балағаттағаны үшін» түрмеге кесілді


Стамбул соты «билікті балағаттады» деп айыпталған қала мэрі Экрем Имамоғлыны екі жыл, жеті айға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге бостандыққа шыққаннан кейін оған саясатпен айналысуға тыйым салған.

Имамоғлы қазіргі президент Режеп Ердоғанның басты қарсыласы саналады.

Сот Имамоғлының 2019 жылы айтқан сөздерін «билікті балағаттау» деп таныды. Сол жылы ол билік партиясынан түскен қарсыласын жеңіп, Стамбул мэрі болып сайланған еді.

Бірақ сайлау комиссиясы «бұрмалаушылық болды» деп, сайлауды қайта өткізбек болған. Имамоғлы екінші рет өткізілген сайлауда да жеңіске жетті. Сол кезде ол сайлау комиссиясының мүшелерін «ақымақ» деген. Түркия заңнамасы бойынша, билік өкілдерін балағаттаған адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Экрем Имамоғлы – Түркияда басты оппозициялық Республикалық халықтық партиясының лидері. Бұл партияның негізін қалаған – Мұстафа Кемал Ататүрік.

Сарапшылар Имамоғлыны келесі жылы Түркияда өтетін президент сайлауында Ердоғанның басты қарсыласы ретінде атап келген.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар