Posted inЖаңалықтар

СҚО-да жол апатынан зардап шеккен 20 жастағы қыз көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда бір апта бұрын болған ірі жол апатынан зардап шеккен 20 жастағы қыз ес жимастан көз жұмды.

Qazaqstan Media жазуынша, бір апта комада жатқан 20 жастағы қыз ес жимастан бүгін ауруханада көз жұмды. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Есіл аудандық ауруханасына 45 жастағы келіншек пен 20 жастағы қыз жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр. Екеуі де комада жатыр», – деген болатын сол кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Сондай-ақ жол апатынан 2007 және 2008 жылы туған екі жасөспірім де зардап шеккен болатын. Олар көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ем қабылдап жатыр.