-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Скляр: Қате жасасам, ел алдында жауап беремін!

Таяуда ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мемлекеттік телеарнаға сұхбат беріп, утилизациялық алым құны 50 пайызға төмендетілгенін мәлімдеген болатын. Сонымен мәселе шешілгендей болған. 

Алайда белсенділер утилалым мөлшері әлі де төмендеуі тиіс деп санайды. Оған қоса вице-премьер Роман Склярдың «отставкаға» кетуін талап еткен петиция да жарияланды. Петицияға қол қоюшы азаматтар:

«Утилизациялық алымның кесірінен азық-түлік бағасының қымбаттауына әрі халықтың наразылығына қарамастан вице-премьер Роман Скляр ауылшаруашылық техникасына салынатын салықты алып тастауға үзілді-кесілді қарсы. Роман Склярға халықтың мүддесінен гөрі бірнеше компанияның мүддесі маңызды болып тұр. Бұлай болмайды», – деп жазды.

Бүгін утилалым мәселесіне байланысты қоғам сынына ұшыраған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өзіне қатысты сын мен «оставкасы» жөнінде пікір білдіріпті. «Егер мен қателік жіберсем, елдің алдында жауап беремін!», – дейді вице-премьер-министр.

«Халықтың алдында ашық жұмыс істеп жатырмын. Егер қате жасасам, жауап беремін. Бірақ, бүгінде біз не өнерәкәсібі бар, не өнеркәсібі жоқ ел боламыз. Менің сол үшін жаным ауырады. Ертең тек мұнаймен күн көре алмаймыз. Сондықтан, сіздерді осы мәселеге терең қарауға шақырамын. Барша қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын», – дейді Роман Скляр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар